Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени-рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарының «Шабыт» жобасы аясында мектеп оқушылары Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев драма театрда өткен спектакльге барды.
Балалар сахна өнерімен танысып, актерлердің шебер ойынын тамашалады. Қойылым барысында оқушылар рухани тәрбие, адамгершілік және өнерге құрмет сезімін бойларына сіңірді.
Шараның мақсаты – оқушылардың мәдени талғамын арттыру, өнерге қызығушылығын дамыту және олардың бойында ізгілік, адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оқушылар ерекше әсер алып, жақсы көңіл күйде оралды.