«Күз және кітаптар» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Күз мезгілі – білім мен шабыттың, жаңа бастамалардың уақыты. Осы орайда мектебімізде «Күз және кітаптар» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханамен таныстырып, рухани байлығын дамыту.
Саяхат барысында оқушылар кітапхана қоры, жаңа келген әдебиеттермен танысып, сүйікті кітаптары туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, күз тақырыбындағы көрме ұйымдастырылып, оқушылар өз әсерлерін бөлісті.