back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиын
05-09-2023 17:22
“Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиын

Р.Асубаев атындағы ЖББМ 1 қыркүйек-Білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті. 50 жылдық тарихы бар, керемет абаттандырылған мектеп балаларды қуана қарсы алды. Салтанатты іс-шара “Шашу” биімен ашылды. ҚР Гимні орындалғаннан соң, алғашқы сөз Нұра ауданының әкімі Муканов Бақытжан Мылтықбаевичке берілді. Құттықтау сөзінен кейін Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Нұра ауданы әкімінің алғыс хатымен мектеп директоры Есенова М. А, тарих пәні мұғалімі Уашев А. К, психолог Кратович Е. М. марапатталды. Сөз кезегі педагогикалық еңбек ардагері Алибекова Ш. М. және ата-аналар атынан Камзина Б. әжейге берілді. Есенов Мирастың орындауындағы “Айналдым елім”, Трионың “Қазақстан” әні ерекше әсер қалдырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларының әндері мен өлеңдерінен оқуға деген құштарлықтары, талаптары байқалды.

Новости