«Кем я стану в будущем»
В рамках изучения раздела «Профессии» на уроке казахского языка и в целях подготовки к написанию эссе на тему «Кем я стану в будущем», по инициативе педагога Калкеновой Н. С. была организована встреча обучающихся 6 класса с профориентатором школы Кратович Е. М.
В ходе встречи учащимся была представлена информация о важности осознанного выбора будущей профессии и необходимости уже в школьном возрасте задумываться о профессиональном самоопределении. Профориентатор обратила внимание обучающихся на то, что выбор профессии не должен основываться исключительно на уровне заработной платы, но и учитывать социальную значимость труда, возможность приносить пользу обществу.
Также было подчеркнуто, что при выборе профессии важную роль играют индивидуальные особенности личности — темперамент, интересы, склонности и способности человека. Встреча способствовала расширению представлений учащихся о мире профессий, развитию осознанного отношения к своему будущему и повышению мотивации к обучению.
Қазақ тілі сабағында «Мамандықтар» бөлімі бойынша оқу материалын меңгеру және «Болашақта мен кім боламын?» тақырыбында эссе жазуға дайындық мақсатында, мұғалім Қалкенова Н. С.-ның бастамасымен 6-сынып оқушылары үшін мектептің кәсіби бағдар берушісі Кратович Е. М.-мен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, бұл мәселе туралы мектеп жасынан бастап ойлану қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар мамандық таңдауда тек жоғары жалақыны ғана емес, қоғамға пайда келтіру мүмкіндігін де ескеру керектігі атап өтілді.
Сондай-ақ мамандық таңдауда адамның жеке ерекшеліктері — мінез-құлық типі (темперамент), қызығушылықтары мен қабілеттері маңызды рөл атқаратыны туралы ақпарат берілді. Аталған іс-шара оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтіп, болашаққа жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.