back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Бракераж комиссия мүшелері асхана тамағының сапасын тексерді
15-11-2023 09:34
Бракераж комиссия мүшелері асхана  тамағының  сапасын тексерді

Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінде қараша айының 8 күні кезекті жоспарға сай бракераж комиссия мүшелері асхана  тамағының  сапасын тексерді. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктің сапасын тексеріп қабылдаумен қатар дайындалған тамақтың сапасын санитарлық талаптарға  сай дайындалуы мен сақталуын қадағалайды. Аспазшы күнделікті дайындалған тағамдардың  тәулік сынамасын алып отырады. Жеткізілген азық- түлікті бракераж комиссия мүшелері қабылдап, сапасын, жарамдылық  мерзімін  тексеріп отырады. Сонымен қатар тез бұзылатын азық-түліктерді асханадағы температурасы  төмен тоңазытқышта сақталуын қадағалайды. Көкіністер  мен басқа да азық-түліктер асхана қоймасындағы арнайы сөрелерде, бөлек қораптардас сақталады. Күнделікті асханада дайындалатын тағам мен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын мектеп басшылығы мен әлеуметтік педагог және мектеп медбикесі жіті қадағалайды. Күнделікті  оқушылар саны мен ас мәзірі және тамақтану кезегі, сонымен қатар тамақтануды қадағалайтын кезекшілік тізімі асхана залындағы арнайы стенд.

Новости