back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
16-11-2023 09:24
“Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Р.Асубаев атындағы ЖББМ 15.11.күні 7-сыныптың жетекшісі кофе-брейк форматында “Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: әр отбасының бала тәрьиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. 
Күн тәртібінде: 
1 тоқсанның қорытындысы
Оқушы қауіпсіздігі
Аутодеструктивті мінез-құлық
Буллинг және кибербуллинг болды.
Жиналыс барысында “Stop қимыл”жаттығуы, Додокаэдр арқылы сұрақ-жауап,аяқталмаған сөйлемдер,топпен жұмыс,пазлдар арқылы мақал-мәтелдер жасау өткізілді. Топтық жұмыста ата-аналар “Бақытты отбасы” коллажын, “Отбасылық құндылықтар”ағашын жасады.  Аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілерімен танысты және алдын алу бойынша кеңестер берілді. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі буллинг және кибербуллинг бойынша баланың буллинг жасамауы үшін және оның құрбаны болмауы үшін 10 ережеден тұратын ұсыныстар берілді. 
Ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарды қойып,әңгімелесу жүргізілді. 
Жиналыс соңында тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп,ұсыныстар айтылды.
Новости