back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
« Өрт тілсіз жау!»
05-12-2023 11:33
« Өрт тілсіз жау!»
« Өрт тілсіз жау!» тақырыбында оқушылармен дөңгелек стол өткізілді. Мақсаты: өрт кезіңдегі қауіпсіздік ережелерін таңыстыру, қорғану ережелері және  өрт сөңдіргіш заттармен қолдана білуді үйрету. 
Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал. Өрт қауіпсіздігі ережелерін мектеп кезінен бастап үйретеді. Өрт кезінде көп адамдар үрейге бой алдырады. Ондай сәтте үрей болатыны анық. Алайда аман қалу үшін үрейді де бір сәтке жеңуге тура келеді. Мұндайда қауіпсіздік ережелерін білмеу де – өмірге қауіпті. Сондықтан өрт кезінде не істеу керек екенін ұмытпаған абзал. Жаңа ғана басталған өртті өз күшіңізбен, су, жамылғыш, өртсөндіргіш арқылы тоқтатуға болады. Егер, сіздің ыңғайыңызға көнбесе, дереу қашып, кәсіби мамандарға жүгініңіз. Егер, сіздің үйіңіз өртке оранса, үйдің ішінде қалмауға тырысыңыз. Мүмкіндік болса, тоқ көзін, газды өшіріп, есік-терезені жабыңыз. Есікті мұқият бітеп жауып, сыртқа шығып, көршілерге де хабарлаңыз. Үйден шыға бере баспалдақта ешқандай өрт болып жатпағанына көз жеткізіңіз. Егер, міндетті түрде тысқа шығатын болсаңыз, есікті ақырындап ашыңыз, әйтпесе, оттегінің әсерінен жалын шарпып өтуі мүмкін.Егер, үйден шыға алмай қалсаңыз, түтін жоқ жерді тауып алыңыз. Жасырынған жеріңізді қолыңызда бар заттармен (сулы болғаны дұрыс) бітеңіз, терезені ашпаңыз. Ашық тұрған терезе оттегінің тұтанып, өрттің өршуін үдетеді. Су алуға мүмкіндігіңіз болса, есік-терезені, айналаңызды дымқыл шүберекпен сулап, сүртіп отырыңыз. Егер, түтіннен тынысыңыз тарылса, шүберекті сулап, мұрныңызға басып демалыңыз. Егер, бір орыннан екінші орынға ауысу керек болса, еңкейіп не еңбектеп қозғалуыңызға болады, себебі, еден жақта оттегі көп. Соңғы кезекте оқушылар арасында өрртің алдын алу тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылып, ең үздіктері марапатталды.
Новости