back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Психология апталығы
21-12-2023 11:28
Психология апталығы
Р.Асубаев атындағы ЖББМ психология апталығы 19.11 күні сейсенбі күні ашылуы болды. Апталықтың мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдердің,ата - аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру,адам санасының құрамдас бөлігі ретінде психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық құндылықтарын кеңейту, өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, мейірбандыққа тәрбиелеу.
Мектеп іші арнайы безендірілді. Бүгінгі “Позитивті көңіл-күй” тақырыбында өткізілді. Таңертең оқушылар мен педагогтерге “Тілектер қобдишасынан” көңіл-күйді көтеру мақсатында тәттілермен күнге арналған тілектер таратылды. Бастауыш сынып оқушыларымен “Іздер”, “Сандар” және “Оркестр”ойындары жүргізілді. Смайликтерден жасалған “Күлкі сыйла” фоторамкасы жасалды.
Новости