back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары"
19-01-2024 10:54

18 қаңтарда Р Асубаев атындағы ЖББМ "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары" тақырыбында аймақтық семинар өтті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азамат тәрбиелеу. Семинарға С. Сейфуллин, М. Дулатов, А. Асылбеков, Қ. Шайменов, Р. Асубаев атындағы мектептердің   тәрбие ісі жөніндегі орынбасалар және сынып жетекшілер қатысты. "Жарқын болашақ" атты концертпен ашылып, тәрбие сағаты, сынып сағаты, ата-аналарға, сынып жетекшілерге арналған тренингтермен жалғасты. "Тоғызқұмалақ" ойынынан соң, Р. Асубаев мектебінің психологтары өткізген рефлексиямен аяқталды. Тәрбие жұмысына байланысты өткізілген маңызды іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Оқушыларда да, қатысқан ұстаздарда да ерекше әсер қалдырды.

Новости