back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы
12-02-2024 16:04
«Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы

«Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығының есебі. 2023-2024 оқу жылы

 

Бүгін «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы аяқталды. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті ғылымдардың негізін меңгеруде. Білімге деген қажеттілік өз бетінше іздену, қойылған мақсаттарына ұмтылу қасиеттерін дамыту.  Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру – осы іс-шаралардың негізгі мақсаты болып табылады. Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, ақпаратты өңдеу,  онлайн ортада бейімделу, қабілетімізді анықтайды. Елімізде цифрлық сауаттылық мәселесіне ерекше назар аударады.  Цифрлық сауаттылық-білім алушылардың қазіргі өмірдегі қабілеттерінің маңызды элементі болып табылады.Апталық барысында ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді. Ақпанның бесінші жұлдызында, мектебімізде «Цифрлық әлем»  атты информатика апталығы ашылып, 2-11 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді. «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының екінші күні - 3-4 сыныптар арасында «Ертегілер саяхаты» өтіп, блок-схемалар арқылы алгоритмдер жазылды. Есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту, жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жетудің ерекше тәсілдерін табу, ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелеу мақсатында «Логикалық  ойлауды дамыту» ойындары  5-6 сыныптарда ұйымдастырылды. ІT мамандығы ер балаларға да, қыз балаларға да сәйкес келетін мамандық. IT саласы- ең қарқынды дамып жатқан сала. «IT саласындағы мамандықтар - біздің болашағымыз» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы 9-11 сыныптарда өткізілді.«Цифрлық әлем» апталығымыздың үшінші күні- логикаға ерекше назар аударылды. Осыған орай «Логика қайда» атты блиц-ойыны төртінші сыныптарда ұйымдастырылды. Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шапшаң ойлауын, ортада өзара көмек көрсету, жылдамдық пен танымдық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Интеллектуалды мозаика» ойыны 7-8 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар қызығышылықпен белсенді қатысты.«Цифрлық әлем» атты апталығымыздың төртінші күні - оқушылар Dream by WOMBO сервистері арқылы жасанды интеллект көмегімен суреттер салып көрді. 9 қазақ сыныбында «ЖИ: пайдалы ма әлде зиян ба» дебаты өтіп, көптеген дәлелдер келтіріліп , оң және теріс жақтары талқыланды. Робот жасау техникасына және технологиясына қызығушылық арту , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында 5-6 сыныптар арасында «Робот жинау» жарысы откізілді. Апта соңында «Код сағаты» онлайн сабақтар өтіп, апта қорытындысы шығарылды. Дүйсенбі күні мектепішілік жиында мадақтамалары беріледі.

Новости