back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жаратылыстану пәндерінің апталығы
19-04-2024 09:42
Жаратылыстану пәндерінің апталығы

Бүгін 09 сәуірде «Ғалымдар туралы этюдтер» атты сынып сағатын 5-7 сыныптар арасында география пәні мұғалімі Муктаров Н.А. өткізді. Мақсаты - ғалымдардың өмірбаянымен және өмірінен күлкілі оқиғалармен, олардың ұлы ашылуларымен таныстыру. Сабақ қызықты өтті, оқушылар біраз мәлімет алып, өз ойларымен бөлісті.

Және  биология пәні мұғалімі А.Б.Кенжетаеваның қолдауымен 9-11 сынып оқушылары осы апталықтың ашылуына өздерінің мини-видео сюжетін шығарып ұсынды.
Кешегі жоспар бойынша физика пәні мұғалімі Картаев Е.Ж. жетекшілігімен «Ғылым мен үшін нені білдіреді?», «Что значит для меня наука?» атты тақырыбына эссе жазылып тапсырылды. Ең үздік эссені 11 орыс сынып оқушысы Щебет Мария өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін тамаша баяндап жазып көрсетті.
Апталықтың үшінші күні жоспар бойынша ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНІ. Сол жоспарға сәйкес география пәні мұғалімі Муктаров Н.А. 8 сыныптар арасында бірінші ғарышкер туралы «Ғарыштағы бірінші адам» және «Қазақстанның ғарышкерлері» туралы фильмін оқушыларға ұсынып, ақпаратпен бөлісті. Мақсат - білімнің беделін көтеру, тұлғаның зияткерлік дамуына ықпал ету.
Новости