“Тәуелсіз ел – Қазақстан” атты спорттық жарыс
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіз ел – Қазақстан” атты спорттық жарыс өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, патриоттық сезімін арттыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Жарыс аясында оқушылар түрлі командалық және жеке спорт түрлерінен сайысқа түсіп, шапшаңдық, ептілік, күш-қайрат сияқты қабілеттерін көрсетті.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg