"Рақмет саған, Әліппе!"
23.12.2025 жылы Р. Асубаев атындағы ЖББМ 1- ші қазақ сыныбында "Рақмет саған, Әліппе!" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында оқушылар әріптерге, әліппеге байланысты тақпақтарын айтып, ән, би билеп,өнерлерін көрсетті. Мақсаты: оқушыларды білімге құштарлыққа, кітапты қастерлеуге тәрбиелеу. Іс-шара ата- аналар мен ұстаздар үшін оқушылардың алғашқы жетістігін айқындайтын тәрбиелік мәні зор мереке болды. Сынып жетекшісі: Бекмагамбетова Дарига Жетписовна