back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
31-12-2025 16:38
бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
31 желтоқсан күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында төмендегі өзекті мәселелер қаралды:
Білім сапасы – білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі, пәндер бойынша үлгерім көрсеткіштері талданып, білім сапасын арттыру жолдары қарастырылды.
Оқу шапшаңдығы – оқушылардың мәтінді түсініп, жылдам оқу дағдыларына талдау жасалып, оқу шапшаңдығын жетілдіру бағытындағы әдіс-тәсілдер ұсынылды.
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі – бірінші сынып оқушыларының оқу үдерісіне психологиялық және әлеуметтік бейімделу деңгейі талқыланып, ата-анамен және психологпен бірлескен жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
4-сынып оқушыларының БМБЖ-ға дайындалуы – білім алушылардың білім сапасын жүйелі түрде бақылау, қосымша дайындық сабақтарын ұйымдастыру және әдістемелік қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыстардың жоспарлары айқындалды.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости