«Заңның 30 секунды»
"Заң мен тәртіп" айлығының жоспары бойынша 16 қаңтар әлеуметтік педагог Аргимбаева И. С. «Заңның 30 секунды» атты онлайн-челлендж өткізді.Челлендж оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Челлендж барысында қатысушылар 30 секундқа дейінгі қысқа бейнероликтер арқылы заңды сақтау, қоғамдық тәртіп және жауапкершілік тақырыптарын шығармашылық тұрғыда жеткізеді. Іс-шара оқушыларды заңға құрметпен қарауға және саналы азамат болуға тәрбиелейді.