«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам»
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту. Бейнеролик көрсетілімінен кейін оқушылармен тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.