«Еңбегі адал – жас өрен»
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында мектебімізге ауыл кәсіпкері, ЖК «Топейко» иесі, «Полесье» дүкенінің иесі Топейко Любовь Ивановна шақырылды. Кездесу барысында қонақ өз еңбек жолы, кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесі және адал еңбектің қоғамдағы маңызы туралы оқушылармен ой бөлісті. Шара жас өрендерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз ісіне адал болуға тәрбиелеуге бағытталды.