back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
Патриоттық тәрбие – ел болашағының берік негізі!
28-01-2026 15:52
Патриоттық тәрбие – ел болашағының берік негізі!
Патриоттық тәрбие – ел болашағының берік негізі!
Қазіргі жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда өткізілген «Патриоттық тәрбие – ұлт болашағы!» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық сана қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды. Дөңгелек үстел жұмысына мектебіміздің түлектері : Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұлан Академиясының 3 курс студенті Рымбек Ұлан Сымбатұлы, Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс студенті Тасқынбай Дархан Нұрланұлы және 2 курс студенті Тургали Нұрзат Сұлтанұлы және әскери-патриоттық клуб, сыныптар : «Жас құтқарушы», «Жас сақшы», «Жас сарбаз» ұйымдарының қатысушылары қатысты. Іс-шара барысында патриоттық тәрбиенің мәні, оның қазіргі қоғамдағы рөлі және жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар патриотизм ұғымының тек әскери дайындықпен шектелмейтінін, ең алдымен туған елге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу, ел тарихын білу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуден басталатынын атап өтті. Сонымен қатар, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде білім беру ұйымдарының, отбасының және қоғамдық ортаның бірлескен жұмысы аса маңызды екені айтылды.
Дөңгелек үстел барысында әскери-патриоттық клубтар «Жас құтқарушы», «Жас сақшы», «Жас сарбаз» секілді ұйымдардың жұмысы үлгі ретінде ұсынылды. Бұл бірлестіктер жасөспірімдердің тәртіпке, заңға бағынуға, өз Отанын қорғауға дайын болуына ықпал ететін тиімді алаң екені ерекше көрсетілді.Патриоттық тәрбие – елдің ертеңін айқындайтын басты құндылық. Өз Отанын сүйетін, ел мүддесін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ парызымыз.
Новости