«Мектепке жол»

2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңы республика бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» » республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде басталды. Мақсаты – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қажетті көмек көрсету. Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығына дейін жалғасуда. Акцияға барлық ниет білдірушілер қатысты; еріктілер, бизнесмендер, ұйымдар және басқалар. Мектеп бойынша АҚ «Шұбаркөл Көмір» кәсіподақ үйымы көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға 27 балаға 417000 ға мектеп сөмкесін құрал-жабдықтарын беріп, бала басына 17000 мыңнан 615 мың теңге ақшалай көмек берді. Сонымен қатар ауылымыздың ер азаматтары және 11 сынып ата-аналары 1 сыныпқа баратын 29 оқушыға 87000 мың теңге көлемінде әліппе кітабын сыйға тартты. Осындай игі істердің арқасында біздің балаларымыздың мектеп өмірі одан да жарқын әрі қызықты болады. Кішкентай көмек – үлкен үміт. Балалар – біздің болашағымыз, олардың білім алуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Осы бастамаға белсене атсалысқан демеушілерге жасаған қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.