“Еңбек түбі береке” 
            
             
                        
	Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінде 22 қыркүйек күні  9-сынып оқушыларымен “Еңбек түбі береке” тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатта қауіпсіздік сабағына 
	«Ата -аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді” тақырыбы қамтылды.
	Мақсаты:
	•Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
	•Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу;
	•Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру.
	Қауіпсіздік сабағының мақсаты:
	•Оқушыларға ата-аналарға деген сенімнің маңызын түсіндіру.
	•Отбасымен ашық қарым-қатынас жасаудың өмірлік шешімдерге әсерін көрсету.
	•Ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тәсілдерді үйрету.
	Қауіпсіздік сабағының міндеті:
	•Балаларды ата-анамен сенімді қарым-қатынастың маңызын түсіндіру. Қиын жағдайда ата-анаға жүгінудің қауіпсіздік пен дұрыс шешім қабылдауға әсерін көрсету.Оқушыларды ашық сөйлесуге, ойы мен сезімін еркін жеткізуге тәрбиелеу.
	Сынып жетекшісі Ондыбаева Г.Б
             
                         
                         
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    