back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
20-07-2022 11:53
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.
Талдау көрсеткендей, облыста 2017 жылдан бастап мектеп оқушыларының 90%-дан астамы қою көк түсті мектеп формасын киеді. Осыған байланысты білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп директорларымен аппараттық кеңестерде осы түсті мектеп формасына жаппай көшу туралы мәселе бірнеше рет талқыланды.
Құрметті ата-аналар! Жаңа 2022-2023 оқу жылына жолақтарсыз, торсыз, шотландкасыз қою көк түсті мектеп формасын сатып алуға кеңес береміз. Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілерін (эмблема, жапсырма, шеврон және т. б.) орналастыруға рұқсат етіледі.
Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің жекелеген мектеп формасын шығарушыларды ұсынуларыңа жол берілмейтініне баса назар аударуларыңызды сұраймыз.
Новости