back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Әлемде көптеген мамандықтар бар
10-11-2022 09:13
Әлемде көптеген мамандықтар бар
Әлемде көптеген мамандықтар бар. Олардың барлығы әртүрлі, бірақ барлығы да адамдарға қажет мамандықтар. Бүгін №6 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары парасатты мамандық саналатын «кітапханашы» мамандығымен танысты. «Өнегелі өмір» кәсіптік бағдар беру жобасы мен «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында кітапхана ісінің ардагері Маткова Тамара Павловнамен, ауылдық кітапхананың кітапханашысы Дрожжова Светлана Александровнамен және мектеп кітапханашысы Сергеева Оксана Викторовнамен жоғары сынып оқушыларының кездесуі өтті.
Оқушылар кітапхана ісінің ардагері Маткова Тамара Павловнадан Батпақты ауылындағы кітапхананың қалыптасу тарихы туралы ақпарат алды. Тамара Павловна кітапханашы мамандығының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы балаларға әңгімелеп берді, әңгіме барысында жоғары сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара соңында мектеп оқушылары құрметті кітапханашыларымызды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызықты да мазмұнды әңгімелері үшін алғыстарын білдірді.
Новости