Ондай адамдарды «Ойын-сауық кешінің жүргізушісі» деп атайды
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткен "Мен -дарындымын!" поэзия байқауының 2-11 сыныптардан қатысқан 26 жеңімпазы байқаудың екінші кезеңіне өтті.
Әр мерекенің ұйымдастырушысы, көпшілікпен еркін сөйлесе алатын және өзінің бойындағы іскерлігін көрсете алатын адамдар болады. Ондай адамдарды «Ойын-сауық кешінің жүргізушісі» деп атайды. Байқаулар, концерттер, мектеп бітіру кештері осы жүргізушілердің көмегімен өтіп жатады. Байқаудың бірінші кезеңінің ең жауапты, талантты, жігерлі жеңімпаздары "Ойын-сауық кешінің үздік жүргізушісі" көркемсөз шеберлік байқауының екінші кезеңіне қатысты.
Байқаудың мақсаты:
* оқушылардың сценарийлерді мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу дағдыларын қалыптастыру;
* дарынды балаларды анықтау және олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
* білім алушылардың талантының шығармашылық өсуіне жәрдемдесу;
* оқушыларды өздерінің ішкі әлемін неғұрлым белсенді байытуға, эстетикалық талғамын дамытуға ынталандыру
Әр қатысушыға қазылар алқасы тарапынан сәйкесінше баға берілді. Жеңімпаздар жарияланып, марапатталады. Жеңімпаздар тізімімен Facebook желісіндегі және мектептің ресми сайтындағы парақшадан таныса аласыздар.