Отбасы - тұлғаның қалыптасуына әсер ететін маңызды орта болып табылады.
Отбасы - тұлғаның қалыптасуына әсер ететін маңызды орта болып табылады. Отбасында балалардың өмірге етене араласуы қалыптасады, адамгершілік құндылықтарды, мәдени дәстүрлерді үйренеді, адамның өмірлік жоспарлары мен мұраттары қалыптасады. Бүгінгі таңда баланың құқықтары жайлы мәселелер туындап отырғандықтан, ата-аналардың құқықтық тәрбиесі аса қажет. Ата-аналар тарапынан өз құқықтары мен міндеттерін, заңнамалық актілерді білу – маңызды іс-әрекет. "№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің білім алушыларының ата-аналары арасында "Отбасындағы бала құқықтары" тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері адамгершілік саласына негізделген. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына деген қамқорлығы неғұрлым берік болса және ата-ана құқықтарын да, ата-ана міндеттерін де өз деңгейінде орындау арқылы, туындаған мәселелерді оңтайлы шешуге болады.