1-сыныпқа қабылдану үшін ата-аналар нені білуі тиіс !
1-сыныпқа қабылдану үшін ата-аналар нені білуі тиіс !
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 (ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 01 сәуірінен басталып 01 тамызға дейін жалғасады.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Осакаров ауданының мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау «e.bilimal.kz» порталы, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» «egov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Биылғы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2023 жылдың 01 сәуірінен 01 тамызына дейін «e.bilimal.kz», «egov.kz» порталдарына тіркеліп, өтініш беруі тиіс.
Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін Сіздердің назарларыңызға өтінім беру алгоритмін ұсынамыз:
1. «e.bilimal.kz» сайтында «1-сыныпқа өтініш беру» бетін таңдаңыз.
2. «Құжаттар тізімі» бөліміне өтіп, «Өтініш беру» батырмасын басыңыз;
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
А) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Б) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуретінің электрондық көшірмесі.
В) №063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Г) №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Д) ПМПК (педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия) қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін);
3. Ата-аналар (заңды өкілдер) жоғарыда көрсетілген сайтта барлық міндетті жолдарды толтырып, «Тіркелу» батырмасын басу керек;
4. Тіркеуден өткеннен кейін баланың ата-анасының (заңды өкілінің) «Жеке кабинеті (профиль)» автоматты түрде құрылады, онда барлық деректерді қайта тексеру қажет;
5. «Жеке кабинетке (профиль)» баланың барлық деректерін енгізу қажет – ЖСН, Т.А.Ә., туған жылы, жынысы, т