back-image
КГУ "Дарьинская ОШ"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Дарьинская ОШ"
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы "Білімпаз" әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
31-08-2022 12:17

Жаратылыстану-математика пәндер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Білім беру    жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін   пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін және функционалдық сауаттылығын жетілдіру».

Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.

Міндеттері:

Білім стандартының орындалуын қадағалау;

Пән бойынша құзіреттіліктерді анықтау және дамыту;

Педагогикалық тәжірибе алмасу;

Педагогикалық әрекеттің мониторингін жүргізу;

Білім сапасы мен функционалдық сауаттылығы төмен сыныптарда білім сапасын арттыру үшін тиімді жұмыс түрлерін таңдап алу және олармен   жүйелі жұмыс жүргізу;

Қабілеті жоғары, үлгерімі төмен оқушылармен  жекелеген жұмыстар жүргізу;

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ақпараттық технологияларды, Bilimal.kz. порталында, Bilimland (imektep, itest) сайтының мүмкіндігін пайдалану;

Авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;

Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдер формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру, оқытудың ақпараттық  әдістерін сабақта тиімді пайдалану; 

Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.

Жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;

«PISA», «TIMSS» Халықаралық зерттеу жұмыстары мен облыстық «Зейін» жобасы бойынша дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын жетілдіру;

Мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу;

Мұғалімдердің шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту, шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің  ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.

Озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;

Аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру; 

Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу

 Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Новости