Жаратылыстану-математика пәндер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін және функционалдық сауаттылығын жетілдіру».
Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.
Міндеттері:
Білім стандартының орындалуын қадағалау;
Пән бойынша құзіреттіліктерді анықтау және дамыту;
Педагогикалық тәжірибе алмасу;
Педагогикалық әрекеттің мониторингін жүргізу;
Білім сапасы мен функционалдық сауаттылығы төмен сыныптарда білім сапасын арттыру үшін тиімді жұмыс түрлерін таңдап алу және олармен жүйелі жұмыс жүргізу;
Қабілеті жоғары, үлгерімі төмен оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу;
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ақпараттық технологияларды, Bilimal.kz. порталында, Bilimland (imektep, itest) сайтының мүмкіндігін пайдалану;
Авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;
Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдер формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру, оқытудың ақпараттық әдістерін сабақта тиімді пайдалану;
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
Жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;
«PISA», «TIMSS» Халықаралық зерттеу жұмыстары мен облыстық «Зейін» жобасы бойынша дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын жетілдіру;
Мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу;
Мұғалімдердің шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту, шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
Озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;
Аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру;
Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру