Сәкен мұражайына саяхат
"2022 жыл- Балалар жылы" аясында жазғы мектеп және "Күншуақ" лагерь жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушыларымен Нілді ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барып қайттық. Мақсатқа сай ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп, оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, рухани құндылықты арттырып, тамаша әсерде, көңіл-күйде оралдық.