back-image
КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"
Тарих апталығы шеңберінде 10-11 сынып оқушылары арасында Тарих,Тағлым,Таным атты зияткерлік сайысымыз болып өтті.
05-12-2022 11:28
Тарих апталығы шеңберінде 10-11 сынып оқушылары арасында Тарих,Тағлым,Таным атты зияткерлік сайысымыз болып өтті.

 

Тарих апталығы шеңберінде 10-11 сынып оқушылары арасында Тарих,Тағлым,Таным атты зияткерлік сайысымыз болып өтті.
Сайысқа 10-сынып оқушылары Жарылғасын Жанел, Дәулетхан Еңлік,Қуаныш Аяна,Керімқұл Ерзат.
11.сынып оқушылары: Сүлеймен Олжас,Қанаят Батырхан,Исағали Сабина,Хайберген Аружан қатысты.
Төрешілер:Оқу ісінің меңгерушісі Кантеева Меруерт.Тарих пәні мұғалімі Шукеева Асем төрешілік етті.
Сайыс сабағымыз үш кезеңнен тұрды
1-айналым <Бәйге> екі топқа хандар,батырлар, шайқастар,зиялылар,қалалар тақырыптарында тест сұрақтарын шешті .Ойыншылар тесттердің сұрақтарына ұсынылған жауаптардың бірін таңдайды.Әр сұрақтың күрделенуіне қарай өсу ретімен орналасқан ұпайлары болады (200,400,600,800-ұпайлары)Егер ол сұраққа жауап бере алмаса ,оған қарсылас ойыншылар жауап береді.
2-айналым <Жорға> Екі топқа тұлғалар,тарихи орындар,көрікті жерлер,спортшылар, әр елдің тулары суреттері көрсетілді.Әр сұрақты ойлануға 30 сек.уақыт беріледі.
3-айналым <Дода> Екі топқа тарихи жазулар, жұмбақтар, көнерген сөздер,мақал мәтелдер қойылды.Ойын соңында жеңімпаз анықталды. Үш айналымның нәтижесі бойынша 11 -сынып оқушылары жеңіске жетті.

Новости