back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
күні «Үздік жас маман- 2025»
19-05-2025 10:21
күні «Үздік жас маман- 2025»

Қарағанды облысы білім басқармасының  Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 30 сәуір күні «Үздік жас маман- 2025» мектепішілік байқауы болды.Байқаудың басты мақсаты – жаңашылдыққа ұмтылатын, шығармашыл, кәсіби білікті жас мұғалімдерді анықтап, олардың педагогикалық шеберлігін дамытуға жағдай жасау.

Іс-шара екі кезеңнен тұрды:
????І кезеңде әр қатысушы өз пәні бойынша ашық сабақ өткізіп, білім беру әдістемесі мен цифрлық құралдарды қолдану дағдысын көрсетті.
????ІІ кезең – сахналық бөлімде қатысушылар бірнеше тапсырма арқылы өз қабілеттерін жан-жақты танытты:

  1. Таныстыру– қатысушылар шығармашылық таныстырылым арқылы өздерін таныстырды;
  2. Платформа, жасанды интеллект– жас ұстаздар заманауи цифрлық платформаларды, білім беру ИИ құралдарын қолдану дағдыларын көрсетті;
  3. Жағдаяттық сұрақтар– түрлі педагогикалық жағдайларға байланысты шебер шешімдер ұсынды;
  4. Өнер көрсету– қатысушылар ән айтып, би билеп, театрландырылған көріністер мен өз шығармашылығын ұсынды;
  5. Блиц сұрақтар– әр пән бойынша теориялық білімдерін шапшаң әрі нақты көрсетті.

Байқауға мектебіміздіңжас мамандарықатысып, әділқазылар алқасының бағалауы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әр қатысушы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.Байқау нәтижесі бойынша:

“Үздік жас маман- 2025”иегері математика пәнінің мұғалімі Б.С Тыныс,

“Өнерлі жас маман-2025” иегері химия пәнінің мұғалімі Ж.Д.Кушмухамедова,

“Креативті жас маман-2025”иегері математика пәнінің мұғалімі Ж.Б.Мелдеханова,

“Шығармашыл жас маман-2025”иегері география пәнінің мұғалімі   Д.Ж.Сайлыбай,

“Інденімпаз жас маман-2025”информатика пәнінің мұғалімі  А.Р. Тобағабыл иеленді.

"Үздік жас маман– 2025" байқауы жас мұғалімдердің шығармашылығын шыңдауға, кәсіби дамуына және ортақ тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді. Іс-шара достық, қолдау және шабыт атмосферасында өтті.

Новости