Бірінші сыныпқа қабылдау

Бірінші сыныпқа құжаттарды баланың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен қабылдау 2025 жылдын 1 сәуірінен 31 тамызына дейін «Egov.kz электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектептер бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2025 жылдың, соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерде қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде дайындық, деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық, балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі- порталға:
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Денсаулық сактау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ, оларды толтыру жөніндегі нұскаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, міңдетін аткарушының 2020 жылы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" №052-2/у нысанды медициналық, анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті (2 дана).
№1 жалпы білім беретін мектепке қабылдау мәселелері бойынша 5-26-42, 87751465817 телефоны.