Тұмар» қыздар ұйымының жиналысы
2025 жылғы 8 қыркүйекте «Тұмар» қыздар ұйымының жетекшісі А.Утешованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыста А.Утешова ұйымның жылдық жұмыс жоспары мен мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды және қыз балаларды мектеп формасын, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды. Сонымен қатар қыздар ұйымы белсенділерін сайлады. Жиналысқа мектеп инспекторы А.Бузанова қатысып, өз ақпараттарымен бөлісті.
