24 қазан күні «Парасат жолы – адалдық жолы» атты іс-шара өтілді. Мақсаты: ұлы тұлғалардың өмірі мен өнегелі істері арқылы оқушыларға адалдық, әділеттілік, парасаттылық құндылықтарын насихаттау; отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту; «Адал ұрпақ» клубының жұмысын жандандыру. Іс-шара барысында кітапханашы көрмедегі тұлғалардың өмір жолынан адалдық пен парасаттылықтың үлгілерін таныстырды. Белсенді оқушылар ұлы тұлғалар туралы шағын баяндамалар мен таныстырылымдар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Парасат жолы – адалдық жолы»


