14.11-18.11.2022 ж. аралығында «Балауса» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да «Кітап жәрмеңкесі» оқу сауаттылығы апталығы өтті. Мақсаты:тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру болды. Міндеттері: - Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру; - Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту; - Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу болды. Ортаңғы және ересек топ тәрбиешілері балалармен «Кітап – алтын қазына» тақырыбында әңгіме өткізді. Ересек және мектепалды топтарында «Сиқырлы сандық» ертегілерінің вернисажы өткізілді. Балаларға түрлі қызықты ертегілер оқыды, сонымен қатар мнемоникалық кесте арқылы күз туралы тақпақтар үйренді, кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегі кейіпкерлерін ойлап тауып, ертегі құрастырды, кітаптарға бетбелгі жасап, ортаңғы топ балаларына тарту етті. Ата-аналар бір-бірімен оқылған кітаптармен алмасты. Музыкалық залда «Ертегіге қонаққа» іс-шарасы өтті. Ертегі кейіпкері Буратино балаларға қонаққа келді, ол бүлдіршіндермен бірге ойнап, ән шырқады. Педагогтар балаларға театрдың әртүрлі түрлерін пайдаланып ертегілер көрсетті, қозғалыс ойындарын ойнады, ойын жаттығуларын жасады. Күз тақырыбына салынған суреттер көрмесі өтті. Педагогтар «Түйе – көштің көлігі, қойдың серігі» деген халық мақалы бойынша ертегі құрастырып, оған иллюстрациялар жасады. Әдіскер педагогтармен «Сіз балалар әдебиетін білесіз бе?» іскерлік ойынын өткізді. «Кішкентай кітапшалар» тақырыбында ата-аналар жұмыстарының көрмесі өтті. Оқу сауаттылығы апталығы балаларға ұмытылмас әсер мен көтереңкі көңіл-күй сыйлады.
«Балауса» бөбекжай-балабақшасы" КМҚК-да «Кітап жәрмеңкесі» атты оқу сауаттылығы апталығы өтті..