«Денсаулық станциясы»
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 10 - 14 сәуір аралығында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда «Денсаулық станциясы» дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылық апталығын іске қосады. Апталықтың мақсаты- мектеп жасына дейінгі балаларда дене шынықтыру мен спортқа қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сонымен қатар спорттық ойындармен бірге ұлттық ойындарды салауатты өмір салтында қолдана білу.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда спорттық ойын-сауықтар, ұлттық ойындар жарысы, асық атудан жарыстар, стретчинг гимнастикасы, спорттық квест ойыны және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өтеді. Осындай спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен ата-аналары дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылық апталығына белсене қатысыңыздар. Балаларымыздың дендері сау, дене бұлшық еттері қалыптасқан,батыл болып өсуіне ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе баланың қызығушылығы артады.
«Денсаулық станциясы» дене - шынықтыру- сауықтыру сауаттылық апталығы