back-image
КГКП "Ясли-сад "Ботагоз"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Ботагоз"
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады
18-06-2025 09:59
2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.
 Бұл жобаларды жүзеге асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп мәселесін шешуге, үш ауысымды оқытуды және 150 мыңға жуық оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынуда.
 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1231 мектепті жаңғырту бағдарламасы басталады. Биыл 248 мектеп реновациядан өтеді. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады.
Еске сала кетейік, 2019 жылдан бастап Қазақстанда білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 1200 жаңа мектеп ашылып, 1 миллионнан астам оқушы орны қамтамасыз етілді. Бұл шаралар мектептердің шамадан тыс жүктемесін және үш ауысымды оқытуды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда 3000 мектеп бір ауысыммен жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тек Шымкент қаласында 35 мыңға жуық оқушы орнына арналған 12 мектептің құрылысы жоспарланған, оның он бірі пайдалануға берілген. 
#келешекмектептері
Новости