1.Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
- қазақ тілінде оқытатын тәрбиеші (бос лауазым)
1) Функционалдық міндеттері:
- Тәрбиеші балаларды олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелейді және оқытады, білім беру әдістемелеріне, бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес дамыту және оқыту сабақтарын өткізеді.
2) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Педагог біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беру: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құру, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс.
Педагог-модератор «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен пайдалануы; МДҰ әдістемелік жұмысына қатысуы; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеуі; ашық сабақтар өткізуі, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысуы тиіс;
3) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2022 ж. 12.12.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 ж. 20.12.
4) қажетті құжаттар тізімі:
- Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама, психиатр, нарколог (egov);
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- Вакцинация туралы паспорт немесе вакцинация туралы анықтама
5) құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
«Айналайын» бөбекжайы» КМҚК Кушоқы кенті Асфальтная көшесі, 13
Тел. 8(72138) 32-820
Құжаттарды қабылдауға жауапты: Жалелова Рымкуль Усибалиевна