back-image
КГКП "Ясли-сад "Айналайын"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Айналайын"
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс
28-12-2022 14:36
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс

1.Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

- қазақ тілінде оқытатын тәрбиеші (бос лауазым)

1) Функционалдық міндеттері:

- Тәрбиеші балаларды олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелейді және оқытады, білім беру әдістемелеріне, бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес дамыту және оқыту сабақтарын өткізеді.

2) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Педагог біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беру: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құру, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс.

Педагог-модератор «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен пайдалануы; МДҰ әдістемелік жұмысына қатысуы; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеуі; ашық сабақтар өткізуі, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысуы тиіс;     

 3) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2022 ж. 12.12.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 ж. 20.12.

4) қажетті құжаттар тізімі:

  1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 
  2. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Сотталмағандығы туралы анықтама, психиатр, нарколог (egov);
  8. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  9. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  10. Вакцинация туралы паспорт немесе вакцинация туралы анықтама

   5) құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

«Айналайын» бөбекжайы» КМҚК Кушоқы кенті Асфальтная көшесі, 13

Тел. 8(72138) 32-820

Құжаттарды қабылдауға жауапты: Жалелова Рымкуль Усибалиевна

 

Новости