back-image
КГКП "Ясли-сад "Нұрай"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Нұрай"
Внимание! Назар аударыңыз!
23-09-2024 10:48
Внимание! Назар аударыңыз!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!
БОС ОРЫН!
Бос лауазым туралы хабарландыру Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Нұрай" бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны педагог психолог мемлекеттік тілде оқытатын топтарға бос лауазымына - 1 бірлікке,1 ставкаға бос орын жариялайды.
Педагог психологтың негізгі функционалдық міндеттері :
. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындайды, әртүрлі психологиялық (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық) көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға, педагогтарға оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық диагностика жүргізеді.
Психологиялық-педагогикалық, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тексеруді жүзеге асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және әлеуметтік даму проблемаларын зерделейді, қорытындыны ресімдейді және ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерімен және педагогтарымен консультациялық жұмысты жүзеге асырады.
Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныстық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың өмірлік өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі шығармашыл дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына ықпал етеді.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады.
Кәсіби деңгейін арттырады.
Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық әдеп нормалары;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Педагог психологтың жалақысы 188650 теңге және келесі айдың 10-на дейін төленеді.
Құжаттарды қабылдау 24.09.2024 жылдан бастап 7 жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған Парақ;
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ – 175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог - модератордың, педагог – сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10. Уақытша бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Біздің мекен-жайымыз: Осакаровка кенті, Целинная көшесі 2А, 8(72149)24001, 43625 nyrai123@mail.ru

Новости