
2025 жылғы 23–24 шілде күндері «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ -нің балалары үшін нағыз қуаныш мерекесі болды! Аутизм спектрлі бұзылыстары бар балалар Қарағанды қаласындағы “Дельфин” аквапаркінің әкімшілігінің қолдауымен тегін барып, екі сағат бойы суға шомылып, керемет эмоцияларға бөленді.
Су сырғанақтары, күлкі, шаттық пен қуаныш – бұл күн балалар үшін ұмытылмас естеліктерге айналды.
“Дельфин” аквапаркінің әкімшілігіне шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен жылулықтарыңыз үшін, ерекше балаларымызға сыйлаған шаттық пен күлкі үшін үлкен рахмет!
Біз осындай игі істер мен бастамалар аясында алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейміз деп сенеміз. Бірге біз балаларға мейірім мен бақытқа толы балалық шақ сыйлаймыз!
23–24 июля 2025 года стали настоящим праздником радости для детей КГУ «Центр поддержки детей с аутизмом» управления образования Карагандинской области! Благодаря поддержке администрации аквапарка “Дельфин” города Караганды, дети с расстройствами аутистического спектра смогли бесплатно посетить аквапарк, где на протяжении двух часов они с удовольствием купались и получили массу ярких эмоций.
Водные горки, смех, веселье и радость — этот день стал незабываемым воспоминанием для детей.
Выражаем искреннюю благодарность администрации аквапарка “Дельфин” за теплоту, заботу и социальную ответственность. Спасибо за подаренные улыбки и радость нашим особенным детям!
Надеемся на дальнейшее плодотворное сотрудничество и совместные добрые инициативы во благо наших детей. Вместе мы дарим детям счастливое и наполненное добротой детство!