back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №1"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №1"

Устав школы

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Жарғысы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді, мектепалды дайындықты, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме 2011 жылғы 07 шілдеде Теміртау қаласы әкімінің №26/21 қаулысымен құрылған.

4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Теміртау қаласы әкімдігі болып табылады.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы: Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101402, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Карерьная көшесі 1.

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

8. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің қолдануындағы ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін  күшіне енеді.

 

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламаларын;

- мектепалды дайындықтыңжалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

- мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1)

білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;

2)білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3)сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

4)жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

5)азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияғақайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

6)белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

7)отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

8)баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарына көмек корсету.

15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) білім беру қызметі;

2) оң тәжірибені, оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізу негізінде оқу-тәрбие үдерісін үздіксіз жетілдіру;

3) қосымша білім беру жалпыға міндетті оқыту бағдарламасы мен басқа да білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сонымен қатар білімі мен біліктілігі туралы құжат беру қажет емес қысқа мерзімді оқыту курстары мен қосымша сабақтар өткізу;

4) оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

5)оқушылардың оқуы, тәрбиесі, дамуы мен денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестік және әдістемелік көмек көрсету.

Мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекемеге жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн мемлекеттiк мекеме тиiстi лицензия алғаннан кейін iске асырады.

16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

 

4. Мемлекеттік мекемені басқару

 

18.Құрылтайшы:

1) Мемлекеттік мекемені құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, коммуналдық мүлікке билік етуге, уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) мемлекеттік мекеменің бюджетінен қаржыландыратын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

4) мемлекеттік мекеменің даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін, келіседі және бекітеді;

5) мемлекеттік мекеменің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік мекемеге коммуналдық мүлікті бекітеді;

7) мемлекеттік мекеменің мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

8) мемлекеттік мекеме мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік мекеме мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік мекеме қызметінің басым бағыттарын анықтайды;

2) мемлекеттік мекеме басшысын қызметке тағайындайды (конкурс нәтижелері бойынша) және қызметтен босатады, оның ішінде қамқоршылық кеңесінің ұсынысы негізінде.

Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қамқоршылық кеңестің құрамын бекітеді;

4) мемлекеттік мекеменің мүлкін мақсатты пайдалануы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік кәсіпорынның шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметінен босатудың негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының мөлшерін бекітеді;

8) мемлекеттік мекеменің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

9) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар мен нұсқаулықтар береді;

10) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

20. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыруға жеке жауапкершілікте болады

12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24. Мемлекеттік мекеме мүлкі  заңды тұлғаның активтерін құрайды, олардың құны оның балансында айқындалады. Мемлекеттік мекеменің мүлкі төменгілердің есебінен қалыптасады:

1) оған меншік иесімен табысталған мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен алынған мүлік.

25. Мемлекеттік мекеме дербес оған бекітілген мүлік пен оған смета бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иеліктен шығаруға немесе иелік етуге құқығы жоқ.

26. Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда білім беру, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

27. Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру

көзі белгіленбеген жағдайда, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыс сметасынан) қаржыландырады.

28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

 

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіп ережесімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Білім беру процесін ұйымдастыру, білім

алушыларды оқыту тәртібі

 

31. Білім беру ұйымдары білім беру процесін орта білім беру деңгейлерінің: мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

32. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

33. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

34. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді

35. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.

36. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Білім беру ұйымдарында қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады.

38. Білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

39. Білім беру ұйымдары оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын мектептен тыс жерде (мәдениет, спорт мекемелерінде, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және т.б.) өткізуге құқылы.

40. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

41. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен ем-шара кабинетін қамтиды.

42. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.

43. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

44. Оқыту мен тәрбиелеу тілі – қазақ тілі, орыс тілі.

45. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі: алты күндік жұмыс аптасы (бес күндік жұмыс аптасы).

Оқушылардың сабақ оқу күндерінің саны Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сай айқындалады.

46. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Білім беру ұйымында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшелікті насихаттауға, милитаристік, халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

Новости