Қарағанды облысының білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ:
Абай ауданы білім бөлімінің "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Қарағанды облысының білім басқармасы.
Заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Школьный көшесі, 12 ғимарат, анықтама телефоны, факс 8(72131)425-27, E-mail: scool12abay@mail.ru, азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. Тарих мұғалімі-1 педагог (жүктеме 21 сағат, тұрақты жұмысқа)
2. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-2 педагог (жүктеме 32
тұрақты жұмысқа)
3. Химия мұғалімі-1 педагог (негізгі маманның декреттік демалыс уақытына жүктеме 16 сағат)
4. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-1 педагог (негізгі маманның декреттік демалыс уақытына жүктеме 16 сағат)
5. Дене шынықтыру мұғалімі-1 еңбек мөлшерлемесі (жүктеме 16 сағат, тұрақты жұмысқа).
Функционалдық міндеттері:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
- Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.
- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.
- Білім беру үдерісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді.
- Білім алушыларды әлеуметтендіруге, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы түрде таңдауына және кейіннен кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жәрдемдесу.
- Адамның жеке дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік), оған әлеуметтену процесінде Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруда кешенді әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ адамның өмірлік кеңістігінде оны қорғау (әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, адамгершілік).
- Білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын, жанжалды жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау және оларға уақытылы әлеуметтік көмек көрсету.
Еңбекақысының мөлшері
Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады
Буын, саты |
Еңбек еткен жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
В2-1 |
82645 тг |
95741 тг |
В2-2 |
77689 тг |
92024 тг |
В2-3 |
77159 тг |
91317 тг |
В2-4 |
72558 тг |
83707 тг |
В4-1 |
69903 тг |
79990 тг |
В4-2 |
66010 тг |
77690 тг |
В4-3 |
64948 тг |
75920 тг |
В4-4 |
58754 тг |
66010 тг |
Байқау қатысушысына біліктілік талаптарына сәйкес қойылатын негізгі талаптар:
- Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;
- оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие үрдісі, оқыту және бағалау әдістемесі;
- педагогика және психология;
- пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық, қағидалар мен нормалар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі байқау өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:
байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру Қарағанды облысы Білім басқармасы Абай ауданының білім бөлімінің "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ және Абай ауданының білім бөлімінің ресми аккаунтында жарияланған сәттен бастап 2022 жылдың 24 тамызына дейін ұсынылуы тиіс.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (парағы мен фото);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
Құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданының білім бөлімінің "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ. Заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Школьный көшесі, 12 ғимарат, анықтама телефоны, факс 8(72131)425-27, E-mail: scool12abay@mail.ru.
Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: байқау комиссиясының хатшысы Селиванова Любовь Сергеевна.