back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Көркем еңбек мұғалімі

Қарағанды облысы білім басқармасының

Абай ауданы білім бөлімінің

"Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ:

 

Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Школьная көшесі, 12 ғимарат, анықтама телефоны 8(72131)425-27, E-mail: scool12abay@mail.ru  азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

•        1. Көркем еңбек мұғалімі - 1 педагог (жүктеме 22 сағат, негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезінде)

 

Функционалдық міндеттері:

 

* Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

* Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.

* Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

* Білім беру үдерісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

* Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

* Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды.

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді.

* Білім алушыларды әлеуметтендіруге, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы түрде таңдауына және кейіннен кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жәрдемдесу.

* Адамның жеке дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік), оған әлеуметтену процесінде Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруда кешенді әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ адамның өмірлік кеңістігінде оны қорғау (әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, адамгершілік).

* Білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын, жанжалды жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау және оларға уақытылы әлеуметтік көмек көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

Еңбекақысының мөлшері

Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады

 

Буын, саты

Еңбек еткен жылдарына байланысты

min

max

В2-1

165290тг

191482тг

В2-2

155380тг

184048тг

В2-3

154318тг

182634тг

В2-4

145115тг

167414тг

В4-1

139806тг

159980тг

В4-2

132020тг

155380тг

В4-3

129896тг

151840тг

В4-4

117508тг

132020тг

 

Байқау қатысушысына біліктілік талаптарына сәйкес қойылатын негізгі талаптар:

 

·        Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Білуге тиіс:

·        Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

·        оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие үрдісі, оқыту және бағалау әдістемесі;

·        педагогика және психология;

·        пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

·        еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық, қағидалар мен нормалар.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі байқау өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

 

конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында 2023 жылғы 30 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылуы тиіс.

 

 

 

 

 

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

1)      қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)      кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (парағы мен фото);

4)      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)      психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)      наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)      сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10)жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);

 

Құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ.

Заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Школьный көшесі, 12 ғимарат, анықтама телефоны 8(72131)425-27, E-mail: scool12abay@mail.ru

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға:  байқау  комиссиясының хатшысы Селиванова Любовь Сергеевна.

Новости