«Курмин тірек мектебі (РО)» КММ
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
бойынша анықтама (қыркүйек 2022 ж.)
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары қарастырылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.
✓1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салтанатты жиын, сынып сағаттары өткізілді.
✓Сынып сағаты аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес берілді.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері шеңберінде іске асырылды, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық
адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық
бейнесі болып танылды. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктірді. Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес
жүргізіледі
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн акциясын өткізу ұсынылды.
Бейнероликке ұсынылған тақырыптар:
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу
жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»
2022/2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Ахмет
Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазыбек бидің 355жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын,сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге жәнедайындауға ерекше назар аудару қажетекені айтылды.
Физикалық және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр
мектепте зорлық-зомбылықтың, буллингтің/кибербуллингтің алдын-алу және
әрекет ету бойынша мынадай шаралар ұсынылады:
✓барлық білім алушыларға, олардың ата-аналарына және мектеп
қызметкерлеріне, соның ішінде әкімшілікке, мұғалімдерге және
қызметкерлерге бағытталған жалпы мектептік тәсіл. Жүйелі алдын-алу жеке
тұлғалардың немесе топтардың мінез-құлқына ғана назар аудармайды, бүкіл
мектептің мәдениетін өзгертуді талап етеді.
✓білім алушылар арасында оң қарым-қатынасты дамыту;
✓педагог тарапынан білім алушыға қолдау білдіретін қарым қатынас;
✓білім алушылардың ата-аналары үшін үлгілі ата-ана болуды
насихаттау.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап
оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға атааналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту
бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар,
кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:
1) «Отбасы-орта мектеп»
2) «Оқуға құштар мектеп»
3) «Еңбек – елдің мұраты»
4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»
5) «Қоғамға қызмет»
6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін
ұйымдастыру»
Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік
кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен
қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп
парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы
оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады.
✓Оқушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек.
✓Дебаттың мақсаты-зияткерлік рөлдік ойын, білім беру технологиясы, ол бар білімді қолдана білуді қалыптастырады, функционалдық сауаттылықты дамытады және болашақта өзін-өзі сәтті жүзеге асырудың кепілі болады.
✓2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары пікірсайыс клубтары мен мектептің өзін-өзі басқару клубтарын ашуы, оның ішінде мектептің аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерінде пікірсайыс қозғалысының мектеп лигасын іске қосуы қажет.
✓Білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі
басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы https://www.ziyatker.org/schoolparliamentсайтында орналастырылған.
Жалпы мектептік іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерге
құрметпен қарауды насихаттау маңызды.
Жалпы мектептік іс-шараларға мыналар кіреді:
- ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар;
- еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар;
- оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар;
- олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен
жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау рәсімдері;
- оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған
флешмоб акциясы;
- мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған ісшаралар;
- отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін ісшаралар;
- білім алушылар мен педагогтердің қатысуымен көшпелі іс-шаралар.
Жалпы мектептік салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар:
- іс-шараларды өткізу кезінде шарларды, көгершіндерді аспанға
ұшырмау;
- барлық жалпы мектептік іс-шаралар түрлі компанияларды тартпай
мектеп тарапынан тегін өткізіледі;
- патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше
көңіл бөлінеді.
✓Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі.
Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың бір түрі-мектеп театрлары.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп тәрбие процесінде сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін іздеуді жүзеге асырады, олар:
− қайырымдылық әлеуметтік жобалар;
− елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар;
− Ted форматындағы кездесулер;
− кәсіби бағдар беру мақсатында шақырылған қонақтармен кездесулер;
− стартап-жобаларды қорғау;
− мектеп подкастын жүргізу;
− мектеп газетін ұйымдастыру;
− мектеп серіктестерімен желілік байланыс.
Мысалы, білім алушыларды «Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік
жобасына, «Мектепке жол», «Biz birgemiz» акцияларын жүзеге асыруға кеңінен тартуға болады.
Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі. Мектеп пен ата-аналардың
өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Ата - аналарға арналған дәрістерді, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін,
тренингтерді онлайн және офлайн форматта өткізу, «Ата мектебі», «Әже
мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін», «Аға мектебі» және с.с. құру
ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматы анықталды.
Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысының жаңа форматын іске
асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс бағытының мынадай
деңгейлері айқындалды:
- жеке (педконсилиум, әңгімелесу, консультация, бала туралы ата-аналарды толық хабардар ету);
- топтық (ата-аналар комитетімен өзара әрекеттесу; топтық кеңестер; атааналармен практикалық сабақтар; тренингтер; әкелермен кездесулер);
- ұжымдық (ашық есік күндері; «дөңгелек үстелдер»; тәрбие тәжірибесімен
алмасу бойынша конференциялар; ата-аналар лекторийі; ата-аналар апталығы).
«Отбасы – мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен өнімді өзара іс-қимыл және отбасылық тәрбие бойынша педагогтердің әдістемелік тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы педагогтер мен ата-аналардың
жеке әңгімелесулері, электрондық журнал, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, жеке консультациялар, ашық сабақтар, Ашық есік күндері, сыныптан тыс ісшаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, экскурсиялар, сапарлар,
саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін ресімдеу (суреттер,
аппликациялар) арқылы жүзеге асырылады.
Дайындаған: Директордың ТЖЖО Г.М.Дюсекова