"Қызылқой НОМ"КММ
2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы
"Біртұтас тәрбие " бағдарламасының жоспар негізі Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығының 2-қосымшасы бойынша жүзеге асырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
МАЗМҰНЫ ҰЛТТЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН:
тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік,
жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарға негізделген.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:
- қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді.
Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
- ұлттық мүддені ілгерілету;
- тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;
- қоғамға қызмет ету;
- этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;
- инновациялық ойлау;
- идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер қолдану
АЙ САЙЫН:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
КҮНДЕЛІКТІ:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
«Өнегелі 15 минут»
«Үнемді тұтыну»
«Күй күмбірі»
АПТА САЙЫН:
«Менің Қазақстаным»
Аптаның дәйексөздері
«Қауіпсіздік сабағы»
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
ЖОБАЛАР
Балалар кітапханасы
Қамқор
Еңбегі адал – жас өрен
Шабыт
Ұшқыр ой алаңы
Smart bala
жобалары ұсынылады
І. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
|
|
«2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. |
|
4 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы, оның шеңберінде «Даналық мектебі» клубының жұмыс жүйесі. Ата-аналар жиналыстары Биылғы жылы да «Даналық мектебі» клубында «Ата өсиетін», «Әже даналығын», «Аға қамқорлығын», «Жеңге кеңесін» жан-жақты түсіндіретін 4 мектеп жұмыс жасады. Әр мектеп бойынша 2 тақырыптан, барлығы 8 тақырып қарастырылады. І жартыжылдықта 4 іс-шара, ІІ жартыжылдықта қалған 4 іс-шара өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастыру формасын таңдауда мектептегі жауапты тұлғаларға еркіндік беріледі. Ол алқалы жиын (дөңгелек үстел), сұхбат, семинар, кездесу, жеке тағылымдық сабақтар, пікірталас, байқау, т.б. болды.
«Даналық мектебі» клубында «Ата өсиетін», «Әже даналығын», «Аға қамқорлығын», «Жеңге кеңесін» жан-жақты түсіндіретін 4 мектеп жұмыс жасайды. «Ата өсиеті» бойынша«Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық»тақырыбында өтті. Бұл шараның мақсаты – туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу. Сабаққа қатысып, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінген аталар «сөзжұмбақ», «сыңарын тап», «кім болады»? ойындары арқылы немерелері мен жиендеріне жақын адамдардың қалай туысатынын түсіндіріп, туыстық атауларды үйретеді. Жағдаяттарды шешу арқылы ағайын арасындағы сыйласықтың артуына мүмкіндік жасайтын болады. Әже даналығын дәріптеу үшін«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында сабақ өтті.«Ой қозғау», «қабырғадағы рөл», «жағдаят шешу» (кейс-стади) әдістері қолданылады. Әжелер жағдаятты жәй шешіп қана қоймай, шешімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстыруды үйренеді. Бұл шараға қатысқан әжелер өздерінің отбасылық тәрбиедегі жауапкершілігін түсінеді. Немерелеріне нені, қалай үйрету керегін біледі. Мысалы немере-жиендеріне әлеуметтік желіде өз парақшасын қалай жүргізу керегін, бейтаныс адамдармен қалай қарымқатынас жасауды, қиындыққа тап болғанда өзін қалай ұстауды, ренжісіп қалған досымен қалай татуласу керегін үйретті. Отбасылық тәрбиеде жеңгенің орны ерекше, оны жоққа шығаруға болмайды. «Жеңге мінезімен көркем» тақырыбында сабақ өткізіледі. Қатысушылар алыстан келе жатқан қайынінісін қалай күтіп аламыз деген тақырыпта ой бөлісіп, қайынсіңлі мен жеңге арасындағы татулықты қалай сақтауға болатынын талқылады. Жүргізуші осы шараны өткізу барысында бейнероликтермен жұмыс жүргізу, «қос баған» кестесін толтыру әдістерін қолданды.
|
5 |
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жобаларын іске асыру: «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы»
Жобалар– бұл білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары.
"Балалар кітапханасы"жобасы кітап оқуға және қызығушылықты қалыптастыру.
https://www.instagram.com/share/BALiljSdNd https://www.instagram.com/share/_3hLYUG2Y https://www.instagram.com/share/_-thtTwrW https://www.instagram.com/share/BBTABWQwsT https://www.instagram.com/share/BAJkbM_OXn https://www.instagram.com/share/BASDnaI0Wm
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің классиктерінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсіндіру,оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру,кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында шаралар жоспарланды. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектебімізде қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты оқушыларымен әдеби кештер, "Демалыста кітап оқимыз" және "Кітаптар керуені" шаралары өтті. Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар, тақырыптық көрмелер өткізілді.
"Еңбегі адал – жас өрен"– білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
https://www.instagram.com/share/BAF6j1vJfX https://www.instagram.com/share/BBL3PkxovD https://www.instagram.com/share/ https://www.instagram.com/share/BAOdnHDQW-
https://www.instagram.com/share/_tqUx9wrZ https://www.instagram.com/share/BBJ1el5SHs https://www.instagram.com/share/BAVxkC0ELu
"Еңбегі адал жас өрен" жобасын жүзеге асыру бойынша "Мамандықтар әлемі" тақырыбында мамандармен-ауыл медбикесі Г.Түсупбаевамен кездесу өтті. Тәрбие ісінің орынбасары М.М.Рамазанова мен кәсіби бағдар беруші М.Қ.Кокузовтың ұйымдастыруымен ауыл фельдшерлік кабинет медбикесімен кездесу өтті. Мақсаты:оқушыларға адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру. Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбек дәріптеуге бағытталады. "Еңбегі адал жас өрен" жобасы шеберінде білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға қолдау көрсетуді, өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді. Бұл шара оқушыларға еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған, болашақ мамандық таңдауда маңызды. Оқушылар кездесуге өте жақсы қызығушылықпен қатысты,медбикеге сұрақ-жауаптар қойылды.
"Мамандықтар әлемі" тақырыбында мамандармен-ауыл кітапханасының кітапханашысы А.Сауғабековамен кездесу өтті. Тәрбие ісінің орынбасары М.М.Рамазанова мен кәсіби бағдар беруші М.Қ.Кокузовтың ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты оқушыларға адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру. Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбек дәріптеуге бағытталады. "Еңбегі адал жас өрен" жобасы шеберінде білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға қолдау көрсетуді, өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді. Бұл шара оқушыларға еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған, болашақ мамандық таңдауда маңызды. Оқушылар кездесуге өте жақсы қызығушылықпен қатысты,кітапханашыға сұрақ-жауаптар қойылды.
"Еңбегі адал жас өрен"жобасын жүзеге асыру бойынша "Мамандықтар әлемі" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәрбие ісінің орынбасары М.М.Рамазанова мен кәсіби бағдар беруші М.Қ.Кокузовтың ұйымдастыруымен оқушылардың болашақ мамандық таңдау бойынша ойларын кеңейту, мамандықты дұрыс таңдауларына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру маңызды болып табылады .Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылын тудырған мамандықтар туралы түсіндірілді. "Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?","Мамандық таңдау не үшін керек? "Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?",Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?"деген сұрақтарға жауап алынды. Оқушыларға "Мамандық таңдау"жадынамалары таратылды және мамандық таңдауда суйенетін ережелермен таныстырылды.
"Біртұтас тәрбие" бағдарлама аясында "Еңбегі адал - жас өрен" жобасын іске асыру мақсатында "Күзгі асар"тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: шығармашылық, көркемдік талғамын дамыту, жұмыста табандылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балалар өз қолдарымен жасаған қолөнер өнімдерін әкелді. Іс-шара кезінде қатысушылар ерекше көңіл-күйіде болды, мереке мен бірлік атмосферасын сезінді.Көрмеге білім алушылар өз қолымен көкөніс пен жемістерден әр түрлі бұйымдар жасап күздің кереметін көрсетуге ат салысты.Мектеп ұжымы мен оқушылар көрмені қызыға тамашалап, ерекше әсер алды.Аталған көрме нәтижесі төмендегідей орындармен марапатталды:" Бас Жүлде" 3 сынып оқушылары;I- орын 4 сынып оқушылары марапатталды.
"Қамқор" – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
https://www.instagram.com/share/BAMepO4Cd8 https://www.instagram.com/share/_dacphHGS https://www.instagram.com/share/p/BAYBosvIB_ https://www.instagram.com/share/_8v_rpGT1 https://www.instagram.com/share/BAFnSbc5qK https://www.instagram.com/share/BAFnSbc5qK https://www.instagram.com/share/_ainmwVeZ
"Қамқор" жобасы аясында мектеп парламенті мүшелері «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»акциясын ұйымдастырды. Мектеп ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Мектеп ауласын қардан тазалауға қол ұшын берді. Негізгі мақсаты: Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу; Мектеп оқушыларын қамқорлық пен еңбексүйгіштікке баулу;Табиғатты аялап, құрметтеуге тәрбиелеу;Оқушылардың еріктілер жұмысына қызығушылығын арттыру.
"Қамқор" жобасы аясында "Табиғатты қорғаймыз" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
"Smart bala" – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
https://www.instagram.com/share/_r_uZGhIn https://www.instagram.com/share/BALaCe2JLR https://www.instagram.com/share/BALd37FYbt https://www.instagram.com/share/BABzWUkUKS https://www.instagram.com/share/_fI5BK5BF https://www.instagram.com/share/BABzWUkUKS
"SMART BALA" жобасын іске асыру мақсатында жасөспірімдерге бағытталған стартап идеяларымен таныстыру жұмыстары өткізілді. Оқушылар мектеп өмірін жақсартуға және жасөспірімдердің күнделікті мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше инновациялық тұжырымдамаларын ұсынды. Идеялар оқу процесін жеңілдететін мобильді қосымшаларды, оқу материалдарымен алмасуға және мектеп қауымдастығын құруға арналған платформаларды, сондай-ақ шығармашылық және спорттық дағдыларды дамытуға қатысты стартаптарды қамтыды. Әрбір қатысушы өзінің мақсатты аудиториясын түсінетінін көрсетті, модельдер әзірледі және жобаларды жүзеге асырудың практикалық жолдарын ұсынды.
"SMART BALA" жобасын іске асыру мақсатында және өзі-өзін басқару Мектеп парламентінің мүшелері 7-8 сынып оқушылар арасында жасанды интеллекті қолдану, инновациялық идеялар, челлендждер презентациясын , логикалық ойындарды өткізді. Квест барысында балалар арасында достық қарым-қатынастар орнатылды.
"Ұшқыр ой алаңы"– тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу. https://www.instagram.com/share/BAK6SuyFGH https://www.instagram.com/share/BAPhbbhVIJ https://www.instagram.com/share/BAFXf7_sN4 https://www.instagram.com/share/BAGIgzCo3D https://www.instagram.com/share/BAEp_mDt0r https://www.instagram.com/share/BAJ6qAkjV2 https://www.instagram.com/share/_4lWW95ZV
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында қазан айында 7 айында лудоманияның алдын алуға байланысты "Лудомания-болашақтың дерті" тақырыбында "Ұшқыр ой"дебаты өткізілді. Мақсаты-ойынқұмарлық адамның өмірін бұзып, психикалыққ және физикалық денсаулығына әсеер етуі туралы мағлұмат алып, тәуелділіктің алдын алу. Жетекшісі Артықбай Ш.Ж.
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында қараша айында айында айында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дебат өткізілді. Жетекшісі Д.Р.Жұмажанова «Тәуелсіздік белестері” пікірталас ойыны өткізілді.Мақсаты: Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.Өткізген Ш.Ж.Артықба
"Шабыт" – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
https://www.instagram.com/share/_nnqCqXD4 https://www.instagram.com/share/BALXR58_MJ https://www.instagram.com/share/BBAyTzJduo https://www.instagram.com/share/BAFua-jCBp https://www.instagram.com/share/_l9Yxzk5l https://www.instagram.com/share/_jexvYYBe https://www.instagram.com/share/_ezt5XgJk
Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жарияланды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. Оқушылар сүйікті ұстаздары туралы қысқаша бейнеролик немесе құттықтау лебізіңіздерін әлеуметтік желіде жариялай отырып, білім берген ұстазыңызға алғыс білдірді. 3 қазан күні сағат 12:00-де оқушылар«Ұстазым» әнін бір мезгілде орындады.
"Шабыт" жобасын іске асыру бойынша "Әншуақ" балалар әндерін орындау шарасы өткізілді. Мақсаты оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу. Оқушылар балалар әндерін жанды дауыста орындап, бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жарияланды. "Әншуақ"фестиваліне қатысушылар 1- сынып оқушысы Зайлун Айзере және 4-сынып оқушысы Зайлун Альмансур. |
6 |
Алдын алу Кеңесінің, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы
Профилактикалық кеңес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығы негізінде мектепішілік құрылған Профилактикалық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Профилактикалық кеңесінде тәртібі қиын оқушылардың мәселелері ата-аналарының қатысуымен қаралды. Мақсаты: - жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға; - білім алушыны білім беру ортасының жағдайына - бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға; - ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды - оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге; - кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және - қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға; - білім алушыларға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік, - психологиялық- педагогикалық көмек көрсетуге бағытталады.
Кәмелетке толмағандар арасында суйцидтің алдын алу бойынша жоспар жасалып, диагностикалық, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың өтініштері мен хаттарын тіркеу мақсатында «Сенім жәшігі» тұрақты жұмыс істейді. Күнделікті оқушылар мінез-құлқы үнемі бақылауға алынып, көңіл-күйлері, мектеп ұстаздары мен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас бақыланып, үнемі психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Педагог-психолог М.Н.Қазанғапованың ұйымдастыруымен "Өмір сен неткен ғажапсың" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында тренинг өткізілді. Мақсаты жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алу. 8-сыныптарда педагог психологтың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша сауалнамалар алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 19- карашада 7-8 сыныптар арасында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5-8 сынып оқушыларының арасында "Бала құқықтары" тақырыбында оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нұраталды ауылдық учаскелік полиция бірлесіп отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық іс-шаралар. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қиын өмірлік жағдайдағы тап болған қолайсыз отбасыларды анықтау, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, себепсіз сабақтарды 10 және одан да көп күн өткізіп жіберу анықтау мақсатында 2024 жылы 29 қыркүйекте мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» облыстық кең ауқымды рейді өтті. "Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" республикалық онкүндік жоспарына сәйкес учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе "Түнгі ауылдағы балалар" республикалық акциясы өтті.
Ата-аналар жиналысында ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
Қарағанды облысының прокуратурасының тапсырмасы бойынша, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын арттыру мақсатында және кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін белгіленген жауапкершілік туралы 9-11 сынып оқушыларына және ата-аналарына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қаңтар айында "Буллингтің алдын алу", "Лудомания", "Нашақорлық", тақырыптарында ДТІЖО М.М.Рамазанова , педагог-психолог М.Н.Қазанғапова, әлеуметтік педагог К.М.Кокузова оқушыларға және ата-аналарға дәріс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кәмелетке толмағандарға жыңыстық қол сұқпаушылық және буллинг қылмыстардың алдын алу бойынша мектеп мұғалімдері "Түнгі рейд" жүргізіледі.Мақсаты-жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қадағалаусыз жүрген жасөспірімдерді анықтау, қылмыстың алдын алу.
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша ата-аналармен өткізілген«Нашақорлық-ғасыр дерті»тақырыбындағы ата-аналармен іс-шара өткізілді. Өткізген ДТІЖО М.М.Рамазанова
«Зорлық - зомбылықсыз әлем» тақырыбында 5-сыныпта қауіпсіздік сабағы өтті. Мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық, буллинг туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, білім алушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами құндылықтарын сақтауға, әдепті де, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Өткізген Ш. Ж. Артықбай
Кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұқпаушылық және буллинг қылмыстардың алдын алу бойынша мектеп медбикесі С.Е.Мабиева және ДТІЖО М.М.Рамазанова, қыздар жұмысын ұйымдастырушы Г.Б.Жұманованың ұйымдастыруымен "Қыз -қылығымен көрікті " тақырыбында шара өтті. Бұл шараға 6-8 сынып қыз балалары қатысты. Мақсаты-қыз балаларды инабаттылыққа, сыпайылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілік фактілерінің алдын алу бойынша «Тұмар» қыздар клубы жоспарына сәйкес мектеп медбикесі О.Е.Мабиева «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жүктіліктің салдары» атты дөңгелек үстел өткізіп,«Жат қылықтың қыз тағдырына әсері…», «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында баяндамалар оқып, «Сен қалай өсіп жетілесің» атты кеңестер берді. Педагог-психолог М.Н.Казангапова «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» баяндамасын оқып, «Өмір-қымбатсын маған» , «Жылы жүрек- жақсы тілек», «Сенімді дос, сырлас сыныптас» атты психологиялық тренингтер,«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты кеңестер берді.
"Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: құқықтық тәртіп ұғымдарын түсіндіру, жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, қоғамдағы құрметтің маңыздылығын талқылау. Қаңтар айы "Заң және тәртіп" құндылығына негізделген.Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға,заңға бағынудың және тәртіптіліктің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.Іс-шараға оқушылар қызыға қатысты, өз ойларын айтып, пікір таластырды
|
7 |
Қамқоршылық Кеңесінің жұмысы. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде мектепте қамқоршылық кеңесі құрылып, мүшелері бекіді.
1.2. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгі қағидаларын", мектеп Жарғысын , Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 1.3. Қамқоршылық Кеңес туралы ережені мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді 1.4. Қамқоршылық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 1.5. Қамқоршылық кеңес еріктілік, оған қатысушылардың тең құқылығы, заңдылық және жариялылық принциптерінің негізінде әрекет етеді. 1.6. Мектептің Қамқоршылық кеңесі туралы Осы Ереже оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектеп қоғамының барлық мүшелерін мектептің тыныс-тіршілігін ұйымдастыруға тарту, мектепті басқару жүйесінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және қабылданды.
2. Қамқоршылық кеңесінің мақсаттары мен міндеттері 2.1. Қамқоршылық кеңес білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мектепке көмек көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие процесін жақсарту үшін құрылады. 2.2. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері мыналар: мектепті дамыту бағдарламасын орындауға жәрдемдесу оның мәдени, ағартушылық, Білім беру, қоғамдық қызметі; мектептің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу- сондай-ақ оқу процесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды , бағдарламаларды, жобаларды іске асыру; оқу-тәрбие процесіне барлық қатысушылардың: оқушылардың, шағын орталық тәрбиеленушілерінің, мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың қабілеттерін , олардың шығармашылық, зияткерлік және рухани әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау; оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жұмысқа жәрдемдесу; мектепті дамытудың басым бағдарламалары мен жобаларын іске асыру , материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін қосымша қаржы қаражатын тарту;ақша қаражатының, оның ішінде қайырымдылық қайырмалдықтарының жұмсалу тиімділігін талдау ; мектептің басқа ұйымдармен, оның ішінде конференцияларды, семинарларды және өзге де іс- шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету жолымен ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу; 3. Қамқоршылық кеңес басқармасы 3.1. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде құрылады. 3.2. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және бір-бірімен және мектеп жетекшісімен жақын туыстық пен қасиетке қатысы жоқ тоғыз адамнан кем болмайды . Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп қызметкерлерінің штатына кірмейді 3.3. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес құрамындағы мүшелердің саны үш адамнан аспайды. 3.4. Қамқоршылық кеңестің басшысы Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен сайланатын (қайта сайланатын) төраға болып табылады. 3.5. Мемлекеттік органдардың өкілдерін Қамқоршылық кеңесінің төрағасы сайламайды және оның міндеттерін орындамайды. 3.6. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Қамқоршылық құрамның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады. 3.4. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді. 3.5. Төраға: Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді; Қамқоршылық кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады; Қамқоршылық кеңес отырыстарының хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды; Қамқоршылық кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен, өзге де ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Қамқоршылық кеңестің атынан өкілдік етеді; Қамқоршылық кеңестің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды; Қамқоршылық кеңестің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын; Қамқоршылық кеңестің қызметіне байланысты құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің уақытша болмаған кезеңіне Қамқоршылық кеңес төрағасы орынбасарларының біріне өз міндеттерін орындауды жүктейді; жыл сайын Қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы есеп береді және осы Ережеге сәйкес міндеттер атқарады. 3.7. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлайтын хатшы қамтамасыз етеді.
4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 4.1. Қамқоршылық кеңес өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін: мектепті дамыту жобалары мен бағдарламаларын ғылыми, құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуге қатысуға ; мемлекеттік билік органдарына және өзге де органдарға мектеп қызметінің тиімділігін арттыру проблемаларына қатысты ұсыныстар, сұрау салулар, өтініштер жіберуге ; Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелерді зерделеу және олардың қызметінің қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға құқылы.; жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен, оның ішінде шарттық негізде мамандарды тарту. мектептің тәрбие жұмысының жоспарына ұсыныстар енгізу , мектептің оқу-тәрбие процесіне қатысу - мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты пайдалану жөніндегі есебін тыңдау; мектеп Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу ; Қамқоршылық кеңестің қаржы қаражаты жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтардан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден құралатын қор құру. 4.2. Мектептің қамқоршылық кеңесіне келесі міндеттер жүктеледі: оқушылардың үлгерімін арттыру мақсатында білім беру процесін ынталандыру; тартылған бюджеттен тыс қаржы қаражатын мақсатты мақсатта пайдалану; қамқоршылық кеңесіне осы Ережемен жүктелген міндеттердің орындалуын сақтау. 5. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, жұмыс тәртібі мен шарттары 5.1. Қамқоршылық кеңес құрамына Қамқоршылық кеңес төрағасы, оның екі орынбасары және қамқоршылық кеңес мүшелері кіреді. 5.2. Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері; Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың әрбір параллелінен мектепте білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық (бар болса) кіреді. 5.3. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін қоғамдық негізде жүзеге асырады. 5.4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға, соның ішінде Қамқоршылық кеңестің басқа мүшелеріне беруге құқығы жоқ. Қамқоршылық кеңестің мүшесі отырыста болмаған жағдайда, оның қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқығы бар. 5.5. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттігі Қамқоршылық кеңес мүшесінің жеке өтініші бойынша, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша өз міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің жазбаша хабарламасы негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 5.6. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысында оған қатысып отырған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен. 5.7. Отырыстардың күн тәртібін Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары айқындайды және қамқоршылық кеңестің отырысында бекітіледі. 5.8. Қамқоршылық кеңесінің қызметі Қамқоршылық кеңесінің отырысында бекітілетін кеңес мүшелерінің және басқа да мектеп субъектілерінің ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын жоспар негізінде жүзеге асырылады. 5.9. Қамқоршылық кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Қамқоршылық кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, қамқоршылық кеңесінің мүшесі немесе мектеп әкімшілігі шақыруы мүмкін . 5.10. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер оған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шешім отырысқа қатысып отырған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің, сондай-ақ жоқ, өз пікірін жазбаша түрде білдіргендердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңесінің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Арнайы келісілген жағдайларда шешім Қамқоршылық кеңес мүшелерінің үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін. 5.11. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе оның орынбасарларының бірі және отырыс хаттамасын жүргізетін хатшы қол қояды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Қамқоршылық кеңес мүшесі өз пікірін жазбаша түрде баяндай алады және ол Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасына қоса беріледі. 5.12. Қамқоршылық кеңестің отырысына Қамқоршылық кеңестің төрағасы мемлекеттік билік органдарының, өзге де мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ мүдделі заңды тұлғалардың өкілдері мен жеке тұлғалар шақырылуы мүмкін. 5.13. Қамқоршылық кеңесінің қызметін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді мектеп жүзеге асырады . Мектеп қамқоршылық кеңеске отырыстарды өткізу және құжаттарды сақтау үшін үй-жай береді. 5.14. Қамқоршылық кеңестің қызметі жалпы жиналыстың шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қамқоршылық кеңесінің қызметі тоқтатылғаннан кейін оның қызметі барысында жүргізілген барлық құжаттар Мектепке беріледі.
|
14 |
Буллинг және аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу іс-шаралары 5-8 сынып оқушыларына сынып сағатының 10 минутында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты білім алушыларды "буллинг" ұғымымен, қудалаудың қудалаушылары мен құрбандарына айналатын балалардың типтік ерекшеліктерімен таныстыру; қудалауға тап болған кезде мінез-құлық дағдыларын дамыту; заңға бағынатын азаматты тәрбиелеуге ықпал ету,қолданыстағы заңдарға назар аудара отырып, білім алушылардың жеке басына және олардың мінез-құлқына сәйкес өзін-өзі бағалауды қалыптастыру,алаяқтардың негізгі белгілері туралы түсінік қалыптастыру, жауапкершілікті сезінуге үйрету. Барлық сыныптарда “Буллингтен қорған!” деген тақырыпта қауіпсіздік сабағы өтті.Мақсаты: буллинг мәселесі туралы толық мәлімет беру, түрлерімен таныстыру. Оқушыларға буллингтен қалай қорғанудың жолдарын ұсыну. Бір-біріне қолдау көрсету жолдарын қарастыру, буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы елімізде заң қатал екенін ескерту.
https://www.instagram.com/share/BAInlgdoKW https://www.instagram.com/share/_3gkbeBhf https://www.instagram.com/share/BALx6KU-Th https://www.instagram.com/share/BBs5LehIF1 https://www.instagram.com/share/BAizcC8YY0 https://www.instagram.com/share/_nCOAexzO https://www.instagram.com/share/BAWU8_wmRF 5, 6, 7, 8 сынып оқушыларынан жасырын түрде «Буллинг» сауалнамасы жүргізілді. Мақсаты: Зорлық-зомбылық фактілерін анықтау анықтау. Қатысқан бала саны: 5, 6, 7, 8 сынып оқушылары Мазмұны:Сауалнама 10 сұрақтан тұрады 1.1. Сіз "буллинг" деген не екенін білесіз бе? 2. Сіз кейбір адамдардың басқаларды қорлау жағдайларына тап болдыңыз ба?
Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар «Буллинг» (қорқытудың), зорлық-зомбылықтың, қорлау, кемсітудің не екенін біледі. Оқушылар қудаланған жағдайда кімге жүгіну керектігін түсенеді. Оқушылардың жауаптарының басым көпшілігі қудалауды мектеп ұжымы тоқтата алады деп есептейді. Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша «Буллингке» ұшыраған оқушы анықталған жоқ. Қорытынды: 5-8 сынып аралығындағы оқушылардың ішінен «Буллингке» ұшыраған оқушы анықталған жоқ. Ұсыныс:
|
15 |
Психологиялық денсаулық және СӨС (саламатты өмір салтын ұстану) дағдылары
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында "Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес" тақырыбында ата-аналарымен және Шет ауданыны ПБ ЖПҚБ УПИ Е.Д.Лукпановпен мектепішілік кездесу өткізді.Күн тәртібінде 1.Нашақорлықтың алдын-алу, қылмыстық жауапкершілік2.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. https://www.instagram.com/p/DDe-2-xoTwG/?igsh=eDJzbW83aHl6aGFt Оқушылар арасында нашақорлықтың және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға шақыру. Қамтылған оқушылар-5-8 сынып .Өткізген әлеуметтік педагог Қ.М.Кокузова. М.М.Рамазанова ДТІЖО.
Вейбтің, маскүнемдіктің алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар Мақсаты электронды темекі тұтынудыңжәне ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға шақыру. Қамтылған оқушылар-5-8 сынып .Тәлімгер А.Т.Елеу, М.М.Рамазанова ДТІЖО
Мектеп медбикесі О.Е.Мабиева және тәрбие ісінің орынбасары М.М.Рамазанова, Нұраталды ауылдық полиция бөлімінің қызметкері Э.Д.Лукпановпен ата-аналарға нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша және вейб, оның зияны, темекі шегушіліктің алдын алу және лудамания, буллинг, кибербуллинг тақырыптары бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді, видеороликтер көрсетілді. Шара барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқылады. Есірткі айналымына байланысты Заң баптары айтылып, заңмен жазалану жауапкершілігі түсіндірілді. Ата-аналар осы тақырыпта өз ойларын білдіріп, талқыланды.
|
|
|
18 |
Парасаттылық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Адалдық сағаты» бірыңғай сағатын өткізу
«Адалдық сағаттарының» мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру, әділдік пен сенім құндылықтарының асыл қасиеттерін дәріптеу, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру, азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу. Мектеп білім алушылары, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған. «Парасатты азамат» бұрышының мақсаты мен міндеттері таныстырылды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі А.Т.Елеу рухани адамгерщілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру туралы түсіндірілді.
АЙ САЙЫНғы өткізілген іс-шаралар: Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы; 1-қыркүйекте "Білім күніне "арналған салтанатты жиын және "Мектеп-мейірімділік мекені" тақырыбында сынып сағаттары және қауіпсіздік сабағы өтті.Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;мейірбандылыққа тәрбиелеу.Салтанатты жиында туды тік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Педагогтер оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік, бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән беруі қажет. Салтанатты жиынға мектеп білім алушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып білім алушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараға қатысуы міндеттелді.
"Тілім менің ғасырларға аманат"А.Байтұрсыновтың туған күніне орай және қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған жалпы мектепішілік тіл апталағы шаралары өтті. 2024 жылдың 2-13 қыркүйек аралығында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Жоспарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері қамтылды. Қыркүйек айында ата-аналарға "Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру" тақырыбында жиналыс өткізілді.Педагог-психолог ата-аналарға баласының уақытты басқаруы және оны тиімді пайдалануы, ұтымды ұйымдастыра білуі, оқу және бос уақытты бірлесіпп жоспарлау тәсілдері туралы айтты, ақыл -кеңес берді. "Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі" отбасы күніне арналған шаралар жоспарланып, өткізілді.Мақсаты: отбасылық құндылықтарды ілгерілету, отбасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністік және қолдаудың маңыздылығын, отбасы мәртебесін арттыру. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты отбасы күніне арналған 2-9 қыркүйек аралығында апталық өткізілді. Апталықтың іс-шара жоспары бекітілді.Сыныптарда тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүргізілді.Атап айтатын болсақ, барлық сыныптарда «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында сынып сағаттарын өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасындағы қарым –қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пе ұұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Оқушылардың отбасы туралы түсініктері толық бар екенін анықталды. «Отбасыммен біргеміз» суреттер байқауына 7-сынып және « Менің берік отбасым» фотоколлаж суреттер челленджін 5-сынып пен 8-сыныптар орындады.Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері «Әке ,ана және мен»атты спорттық эстафета ұйымдастырды. Ата-аналар балаларымен спорттық сайысқа қатысты. «Сіз қандай ата-анасыз?» психологтың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Шара барысында психолог ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, сауалнама алды. Сонымен бірге психологиялық қолдау орталығында ата-аналарға арналған кездесу ұйымдастырылып, ата-аналардың тәрбие мәселесіндегі педагогикалық сауаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі"тақырыбында челленджі өтті. Бұл шаралар отбасы күніне арналған түрлі шығармашылық тапсырмаларды қамтитын, отбасылық құндылықтарды дамытуға және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.Челлендж барысында отбасылық сурет салу, отбасымен бірге тамақ дайындау, спорттық іс—шаралар ұйымдастырылды.
Еңбек күніне арналған сынып сағаттары өтті.23-қыркүйекте еңбек күні атап өтілді. Барлық сыныптарда «Еңбек түбі береке» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы; "Қоғамға қызмет ету"волонтерлік қызмет шаралары- «Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет бойынша акция өтті.Мақсаты: Оқушыларға волонтерлық қызметтің маңыздылығын түсіндіру. Қоғамға қызмет ету - азаматтық жауапкершілік. Оқушыларға өздерінің волонтерлық жобаларын жоспарлауға ынталандыру. Оқушыларға волонтерлық қызметтің мәні мен маңызын түсіндіру, қоғамдық істерге қатысуға итермелеу. Қарттар күні қарсаңында 5-8 сынып оқушылары тәлімгер Д.Р.Жұмажанова мен психолог-педагог М.Н.Қазанғапованың ұйымдастыруымен ауылдың қариясы Қажікен ата мен Рымтай әженің үйінің үй шаруашылығына көмектерін берді.
Мектебімізде 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жарияланды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. Оқушылар сүйікті ұстаздары туралы қысқаша бейнеролик немесе құттықтау лебізіңіздерін әлеуметтік желіде жариялай отырып, білім берген ұстазыңызға алғыс білдірді. 3 қазан күні сағат 12:00-де оқушылар«Ұстазым» әнін бір мезгілде орындады.
Ұстаздар күніне арналған «Дублёр күні» оқушылардың өзін-өзі басқару күні Мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау. Дублёр күнінің міндеттері: білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту; білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;барлық сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау. Мектепте Дублёр күнін ұйымдастырушылар – мектеп парламенті және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы болды. Дублёр күніне қатысушылар: педагогтер мен әкімшілік дублёрлері – 5-8 сынып оқушылары болды. бақылаушылар – педагогтер мен әкімшілік.Дублёр күні өткізілген сабақтардың саны айқындалды. Мектеп әкімшілігі ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өздерінің жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысты. Мектеп қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Мектеп оқушылары білім алушыларға арналған мінез-құлық ережелерін сақтай отырып, сабақ кестесі бойынша сабақтар өткізді. Дублёр күнінің нәтижелері бойынша мектептегі білім алушылардың жиыны өткізіліп,жиында Дублёр күнін өткізудің қорытындылары жарияланады және Дублёр күнін өткізуге белсенді қатысқан білім алушылар марапатталады.Дублёр күні Ұстаздар күніне арналған концертпен аяқталады.
«Демалыста кітап оқимыз» буккроссингі Оқушыларды кітап құмарлыққа тарту мақсатында, мектеп оқушыларына «Демалыста кітап оқимыз» буккроссингі өткізілді. Буккроссингтің мақсаты мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. Осы бастама аясында оқушыларыда өздері оқыған сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, жаңа әдебиеттерге шолулар жасап, оқушыларға оқуға кітаптар ұсынып ат салысты. Сондай-ақ «Досыңа кітап сыйла» акциясы бойынша бір- бірлеріне кітап сыйлады.
«25-қазан Республика күні»
Республика күніне орай 5-8 сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9 сыныбы, ІІ орынға 5 сыныбы және ІІІ орынға 8 сыныбы ие болды. Республика күніне орай кітапханада "Гүл жайнаған Республикам менің" тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрмеде оқушылар "Менің елім"," Мәңгілік ел-Қазақстан", "Қазақстан-қарашаңырағым" және т.б. кітаптармен танысты. Көрменің мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Кітапханашы Г.Қ.Қыздарбекова білім алушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін, ұлттық құндылықтарын насихаттады."Менің сүйікті Отаным" тақырыбында сурет көрмесі өтті.
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
"Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс" сынып сағаты "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында қараша айында 1-8 сыныптар аралығында "Адал азамат,Адал еңбек,Адал табыс" тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты: адалдық, әділдік
және жауапкершілік, еңбекқорлық құндылықтарын оқушылардың бойларына дарыту.Жас ұрпақтың бойына адамершілік қасиеттерін сіңіре отырып, тағылымды тәрбие мен адалдық қасиеттерін ұғындыру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
15-қараша -Ұлттық валюта күні Ұлттық валюта- төл теңгеміздің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету мақсатында "Теңге - тәуелсіздік нышаны" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің маңызы, қолданылу аясы туралы түсініктер берілді. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екені түсіндірілді.
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы; "Қамқор" жобасы аясында мектеп парламенті мүшелері «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»акциясын ұйымдастырды. Мектеп ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Мектеп ауласын қардан тазалауға қол ұшын берді. Негізгі мақсаты: Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу; Мектеп оқушыларын қамқорлық пен еңбексүйгіштікке баулу;Табиғатты аялап, құрметтеуге тәрбиелеу;Оқушылардың еріктілер жұмысына қызығушылығын арттыру.
"Жетістігімді еліме арнаймын" челленджі
"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру бойынша өтілген кітап кейіпкерлерінің байқауы.Мақсаты : Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын байыту. бұл шарада бастауыш сынып оқушылары Абайдың "Шегіртке мен құмырсқа" шығармасының сахналық қойылымын көрсетті.
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік белестері” пікірталас ойыны өткізілді. Мақсаты: Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.Өткізген Ш.Ж.Артықбай
"Тәуелсіздік-тұғырым"тәуелсіздік күніне арналған шаралар
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай 9-13 желтоқсан аралығында іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулып, Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру. Атап айтар болсақ, 9 желтоқсан күні "Еркіндік шуағы" тақырыбында дәліз безендірілді. "Менің Қазақстаным" салтанатты жиын 1-8 сыныптар арасында өтті. «Сүйікті Отаным-тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Мәңгілік ел-тәуелсіз Қазақстан» қабырға газеттер көрмесі, «Қазақстан - тәуелсіздік төрінде» қолөнер көрмесі,"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" мерекелік концерт ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген әр іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтер толығымен қатысып, жоғарғы деңгейде өтуіне себепкер болды.
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Жасөспірімдер арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау негізінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары бойынша тәжірбие алмасуға арналған шара өтті."Біз -сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" сынып сағаттары өтті.Өткізілген сынып сағаттары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған «Адал ұрпақ» адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу бағыты бойынша түсіндірілді.
13-қаңтарда барлық сыныптарда “Буллингтен қорған!” деген тақырыпта қауіпсіздік сабағы өтті.Мақсаты: буллинг мәселесі туралы толық мәлімет беру, түрлерімен таныстыру. Оқушыларға буллингтен қалай қорғанудың жолдарын ұсыну. Бір-біріне қолдау көрсету жолдарын қарастыру, буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы елімізде заң қатал екенін ескерту.
"Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: құқықтық тәртіп ұғымдарын түсіндіру, жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, қоғамдағы құрметтің маңыздылығын талқылау. Қаңтар айы "Заң және тәртіп" құндылығына негізделген.Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға,заңға бағынудың және тәртіптіліктің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.Іс-шараға оқушылар қызыға қатысты, өз ойларын айтып, пікір таластырды
“Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күніне" байланысты мамандық иелерімен кездесу Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктерін кеңейту мақсатында "Мамандық күніне" орай "Мамандық таңдау-басты бағдарым" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ауыл кәсіпкері, бизнесмен Абдрахманов Медетпен ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына психологиялық көмек берілді, 8-сынып оқушыларымен тәрбие ісінің орынбасары М.М.Рамазанова мен кәсіби бағдар беруші М.Кокузов оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында өтілген іс-шарасы 5-8сыныптар аралығында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: дүние жүзіндегі ұлы жаңалықтар мен өнертабыстар туралы білімдерін насихаттау арқылы ой-өрісін кеңейту. Оқушыларға тапсырмалар берілді.Оқушылардың ғылым мен техника тарихы туралы түсініктерін кеңейтуде және ғылым мен даму жолындағы ұлы ғалымдардың қызметіне баға беруді қалыптастыру жүзеге асты,техникалық шығармашылық және өнертапқыштыққа жақын оқушылардың таланттыларын анықтау;инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру жүзеге асты.Өткізген көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Кокузов
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы
"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" алдын алу шарасы
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" 5-8 сынып оқушыларымен "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.Мақсаты – оқушыларды интернетте және цифрлық технологияларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға үйрету, олардың жеке мәліметтерін қорғау, киберқұқық бұзушылықтардан сақтану және интернеттегі қауіптерді дұрыс түсініп, алдын алу дағдыларын дамыту."Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі" жөнінде түсіндірілді.Мақсаты:жеке ақпараттың маңыздылығын түсіндіру, Оқушыларға жеке ақпараттың не екенін, оның құндылығын және оны сақтаудың маңыздылығын көрсету.
"Шын жүректен кітап сыйла" челленджі
Мектебімізде "Халықаралық кітап сыйлау" күніне орай "Шын жүректен кітап сыйла" акциясына 5-8 сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар мектеп кітапханасына өз сыйлықтарын тарту етті.
"Қауіпсіз қоғам" алдын алу шарасы Барлық сыныптарда"Қауіпсіз қоғам" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру; Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру;Оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, жже бойынша «Жол белгілері және олардың мақсаты» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға көшедегі қауіпті нысандар туралы түсінік беру. Қауіпті жағдайларды алдын алу жолдарын үйрету. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдылануын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/share/BAGZckDqhV https://www.instagram.com/share/_bzXbzbZG https://www.instagram.com/share/_0vtJ8Ip1 https://www.instagram.com/share/BACzdewsnh https://www.instagram.com/share/BBDCBWGgVV https://www.instagram.com/share/_usDnmdqs https://www.instagram.com/share/_-7tTZ7-b " Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік" тақырыбында тәрбие сағаты
" Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәртіп ұғымын түсіндіру, заңға бағынудың маңызын ұғындыру.Әлеуметтік жауапкершілік туралы түсінік беру, қоғамдағы жеке адамның рөлін айқындау.Заңға бағыну, әділдік, адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру.Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиенің маңыздылығын ашып көрсету арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. "Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет"тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы
Ойынға салауатты көзқарас (лудоманияның алдын алу шарасы) Біртұтас тәрбие жоспарына сай оқушыларға интернет желісіндегі қауіпті ойындар мен аккаунттар туралы «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.Жоспарға сәйкес оқушылар цифрлық әлемнің мүмкіндіктерін түсіне отырып, оны қауіпсіз әрі тиімді қолданудың жолдарын үйренуді және оқушылар арасындағы кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп психологы М.Н.Казангапова, ДТІЖО М.М.Рамазанова және сынып жетекшілер 1-8 сынып оқушылар арасында "Ойынға салауатты көзқарас" "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8-наурыз -Аналар Күні Мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жоспар құрылып, шаралар өткізілді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге тәрбиелеу, қыз балаларды құрметтеу және оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. «Ананың аялы алақаны» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті. «Аяулы ана шығармашылықтың мәңгілік қуаты»суреттер көрмесі,ашық хат әзірлеу «Ал қанекей, қыздар» спортық көңілді старт сайысы өтті. «Анамның мерекесі»кітапхананада көрме өткізілді. Өткізген кітапханашы Г.Қыздарбекова «Бұрымды қыз -2025»байқауы өтті. Өткізген А.Т.Елеу «8-наурыз-аналар мерекесі» эссе байқауы өтті. Өткізген С.Қ.Смаилова «Аналар-ару жандар»мерекелік іс-шарасы өтті. Өткізген М.Рамазанова, А.Т.Елеу
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КӨРМЕСІ Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Кокузов «Ұлттық мәдениет көрмесін» ұйымдастырды. Бұл көрме қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналды. Көрме барысында: Ұлттық қолөнер бұйымдары мен зергерлік өнер туындылары таныстырылды;Салт-дәстүрлерге арналған арнайы бөлімдер ұйымдастырылып, олардың мән-маңызы түсіндірілді;Бұл көрме оқушыларға халқымыздың мәдени мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп, ұлттық рухты сезінуге ықпал етті. Осындай іс-шаралар арқылы ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, оны келешек ұрпаққа насихаттауды жалғастыра бермекпіз.
"Жер сағаты" акциясы
«Жер сағаты» дүниежүзілік акциясына орай 2025 жылдың 15-наурыз күні оқушыларымен "Жер-адамзаттың ортақ үйі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты балалар мен жастардың экологиялық мәселелерді, атап айтқанда, біздің ғаламшарымыздың климатының өзгеру мәселелерін шешуге барынша кең назарын аудару болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғат үшін жауапкершілік сезімін қалыптасыру және оның сұлулығын құрметтеуге тәрбиелеу.Дөңгелек үстел барысында оқушылар пікіралмасу арқылы қазіргі заманғы жеріміздің экологиялық жағдайын талқылады. Табиғатты қорғау міндеттері екенін айтты.
Наурыз мейрамы-Ұлыстың Ұлы күні
22-наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып,осы жоспар аясында сынып жетекшілер ұйытқы болуымен 1-8 сыныптар арасында "Төрлет,төл мереке Әз Наурыз"тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. 14 наурыз күні – Көрісу күні - Амал мерекесі тойланады. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды. 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Ол күні қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады. 17 наурыз – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрі атқарылады. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады. 22 наурыз – Жыл басы.
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
«Біз таңдаған кітаптар»Халықаралық кітап күніне арналған "Біз таңдаған кітаптар" тақырыбында тәрбие сағаттарыөткізілді.
«Өмірге салауатты қадам»алдын алу іс-шарасы «Өмірге салауатты қадам" алдын алу іс-шарасының мақсаты оқушыларға тұлғалық даму және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру,өзіне деген сенімділікті арттыру, табысқа жету жолында жеке тұлғалық дамудың рөлін көрсету. Бұл шарада оқушыларғ асалауатты өмір салтының негізгі қағидалары-дұрыс тамақтану денсаулық кепілі екені түсіндірілді. Денсаулықты күту, күнделікті жаттығулар, физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту, темекі, алкоголь, есірткіден бас тарту, күйзелістен алшақ болу жөніндеайтылды. Психолог М.Н.Қазанғапова мен ТІЖО М.М.Рамазанова, сынып жетекшілер оқушыларға өзіне деген сенімділікті арттыру, әр жеткен табысты бағалау, жеке мақсаттарды нақты анықтау, жағымды ойлар мен өз-өзін қолдау туралы ақыл-кеңестер берді.
https://www.instagram.com/share/BAKukt7q7E https://www.instagram.com/share/BAC0xJ5SvV https://www.instagram.com/share/BA65W1zTXT https://www.instagram.com/share/_zfyr34pH https://www.instagram.com/share/BADkVoFvow https://www.instagram.com/share/_76rnPQqA https://www.instagram.com/share/BAGSBay5I8 Қоғамдық мүлікті қорға! 1-8-сынып оқушылары арасында «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында апталық жиын өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңыздылығын түсіндіру, оны ұқыпты пайдалану және қорғау дағдыларын қалыптастыру. Жиын барысында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және сынып жетекшілері қоғамдық мүлікті сақтау мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды. Сыныптар арасында қоғамдық мүлікті қорғауға арналған қысқаша баяндамалар оқылып, пікірталастар ұйымдастырылды. Апталық жиын нәтижесінде оқушыларға қоғамдық мүлікті қорғаудың жауапкершілігі түсіндірілді Оқушылар қоғамдық мүлікті қорғаудың маңызын тереңірек түсініп, өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі
"Түлектердің ағаш егуі" челленджі болып өтті. Мектебіміздің жыл сайынғы дәстүрі бойынша,оқушылар ағаш егу акциясына белсенді қатысты.
1-мамыр Ынтымақ күні Сынып жетекшілер "Бірлік күні" сабақтарын ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрлғанына 30 жыл толуын түсіндіру.Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігін жалғастыруға тәрбиелеу. «Ұлттар достығы»фестивалі өткізілді.
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жайында мәлімет алып,
«Қауіпсіз қоғам» алдын алу іс-шарасы Барлық сыныптарда"Қауіпсіз қоғам" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру; Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру;Оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, жже бойынша «Жол белгілері және олардың мақсаты» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға көшедегі қауіпті нысандар туралы түсінік беру. Қауіпті жағдайларды алдын алу жолдарын үйрету. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдылануын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/share/BAGZckDqhV https://www.instagram.com/share/_bzXbzbZG https://www.instagram.com/share/_0vtJ8Ip1 https://www.instagram.com/share/BACzdewsnh https://www.instagram.com/share/BBDCBWGgVV https://www.instagram.com/share/_usDnmdqs https://www.instagram.com/share/_-7tTZ7-b
Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы Мақсаты:отбасылық құндылықтарды ілгерілету, отбасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністік және қолдаудың маңыздылығын, отбасы мәртебесін арттыру.Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты отбасы күніне арналған 2-9 қыркүйек аралығында апталық өткізілді. Апталықтың іс-шара жоспары бекітілді.Сыныптарда тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүргізілді.Атап айтатын болсақ, барлық сыныптарда «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында сынып сағаттарын өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасындағы қарым –қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пе ұұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Оқушылардың отбасы туралы түсініктері толық бар екенін анықталды. «Отбасыммен біргеміз»суреттер байқауына 7-сынып және « Менің берік отбасым» фотоколлаж суреттер челленджін 5-сынып пен 8-сыныптар орындады.Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері «Әке ,ана және мен»атты спорттық эстафета ұйымдастырды. Ата-аналар балаларымен спорттық сайысқа қатысты. «Сіз қандай ата-анасыз?» психологтың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Шара барысында психолог ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, сауалнама алды. Сонымен бірге психологиялық қолдау орталығында ата-аналарға арналған кездесу ұйымдастырылып, ата-аналардың тәрбие мәселесіндегі педагогикалық сауаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Білімім – Отаныма! 2024-2025 оқу жылының қорытындысында өткізілген тәрбие сағатының мақсаты балаларды, ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болды. Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. Оқушылар «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.
Құндылықтарды қалыптастырудағы күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
КҮНДЕЛІКТІ: «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Күнделікті үзіліс уақытын тиімді пайдалану және білім алушылардың бос уақытын мазмұнды ойын түрінде ұйымдастыру мақсатында "Ұлттық ойын — ұлт қазынасы" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты:Үзіліс уақытын тиімді пайдалану және білім алушылардың бос уақытын мазмұнды ойын түрінде ұйымдастыру."Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды насихаттау. Іс-шара барысында оқушыларға ұлттық ойындардың маңыздылығы түсіндіріліп, таныстырылым өтті. "Асық ату" және "Арқан тарту" "Бес асық", "Тоғызқұмалақ" ойындары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындары жайлы мағлұмат беріліп, олардың дене тәрбиесі мен ойлау қабілетін дамытудағы рөлі түсіндірілді. Оқушылар назарына арнайы таныстырылым ұсынылып, ұлттық ойындардың шығу тарихы мен ережелері баяндалды. Практикалық бөлімде "Асық ату" және "Арқан тарту" ойындары ұйымдастырылды. "Асық ату" ойынында оқушылар мергендік танытып, дәлдік пен ептіліктерін сынады."Арқан тарту" ойыны барысында оқушылар топтарға бөлініп, өзара күш сынасты. Бұл ойын командалық рухты нығайтып, бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді.Іс-шара оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, ұлттық ойындарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етті.Қыс мезгіліне байланысты "Ақсерек-көксерек" ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойыноқушылардың белсенділігін арттырып, ұжымдық жұмысқа бейімделуіне ықпал етті.Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» бағыты бойынша қыс мезгіліне арналған «Ақсерек-көксерек» ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойын оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырып, оларды ұйымшылдыққа, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеуге бағытталған. «Ақсерек-көксерек» ойыны балалардың шапшаңдығын, стратегия құру қабілетін дамытуға көмектессе, ойыны күш пен ептілікті қажет ететін командалық ойын ретінде ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, ұжымдық жұмысқа бейімделуіне оң ықпал етті.
«Өнегелі 15 минут»
"Өнегелі 15 минут" ата-анамен өнегелі әңгіме“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұсынылған “Өнегелі 15 минут” бастамасының мақсаты ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту,адамгершіліктәрбиесін, өмірлік құндылықтарды қалыптастыру.Адамның ең бақытты шағы отбасымен бірге болған уақыты.Әр баланың ең құнды байлығы,баға жетпес бақыты-отбасы. "Өнегелі 15 минут тақырыбы бойынша "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында ата-анабаламен сөйлесіп,уақытын тиімді пайдалы өткізуге ықпал жасап,жеке қабілеттерін дамытуда қолдау көрсету.«Өнегелі – 15 минут» ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. «Өнегелі – 15 минут» жобасы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Бұл жоба баланың мінез-құлқындағы жақсы қасиеттерді дамыту, адамгершілік құндылықтарды түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасында сенімді байланыс орнату мақсатында жүзеге асырылады. Күнделікті 15 минуттық жеке әңгіме ата-аналар мен балалардың бір-бірімен еркін және ашық сөйлесуіне мүмкіндік береді. Жоба мақсаты:Балаларға адамгершілік құндылықтарды, адалдық, жауапкершілік, шыдамдылық, мейірімділік және құрмет сияқты қасиеттерді түсіндіру. Ата-аналарға баласының мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылауға және қолдауға мүмкіндік жасау. Ата-ана мен бала арасындағытүсіністік пен сенімдіарттыру. Баланыңжекетұлғалықдамуындажәнеқоғамдыққатынастардаөзорнынтабуынакөмеккөрсету. Тақырыбында өтетін әңгімелесулердің негізгі мақсаты – балаларға бір-бірін сыйлау, адал болу, өз пікірін білдіру және тыңдай білу дағдыларын дамыту. Бұл дағдыларды жетілдіру арқылы балалардың қоғамда дұрыс қарым-қатынас орнатуына және тұлғалық дамуына үлкен ықпал етеді.Әңгімелесу барысында ата-аналар өз балаларына:
«Үнемді тұтыну»
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы күнделікті, апта сайын және ай сайын атқарылатын маңызды шаралардан тұрады.Сол шаралардың бірі "Үнемді тұтыну". Үнемшілдік-әрбіріміздің күнделікті өмірімізде,қоғамымызда және мемлекетімізде даму мен жетістіктің бастауы. "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Суды, тамақты және энергияны үнемді тұтынудың маңыздылығын түсіндіру арқылы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық сана қалыптастыруға баулу.
https://www.instagram.com/share/_5tbZ0yYi https://www.instagram.com/share/_tiaWVdC6 https://www.instagram.com/share/_yu_qqj61
«Күй күмбірі» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күнделікті өткізілетін “Күй күмбірі” тақырыбындағы шараға мектеп оқушылары 10 минуттық үзілісті тиімді ұйымдастыру мақсатында күйлерді тыңдады..Оқушылар күй арқылы ұлттық өнерімізді, құндылығымызды дәріптеді.Қазақтың дәстүрлі өнері – күй орындау арқылы оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіру және мәдени мұраға деген құрмет қалыптастыру.
АПТА САЙЫН: «Менің Қазақстаным» “Біртұтас тәрбие” бағдарлама аясында “Менің Қазақстаным” оқу аптасының басында бірінші сабақта міндетті түрде білім алушылар ҚР Әнұранын орындайды
"Апта дәйексөздері"- бүкіл білім беру ұйымының оқу және оқудан тыс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері.
«Қауіпсіздік сабағы» Жыл бойы сынып сағаттарында сынып жетекшілер 10 минут «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қауіпсіздік сабағын» өткізді. Қауіпсіздік сабақтарының негізінде оқушылардың жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін, сонымен қатар білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтау шараларын түсінді.
|