Тәрбие жұмысының сараптамасы
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідейқұжаттарға сәйкес жүргізіледі:
1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
2022-2023 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізіледі. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
12) Сынып жетекшілердің кәсіби шығармашылығын дамыту, бірлестік жұмысын күшейту, сынып ұжымын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету, талдау-диагностикалауға үйрету.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Бірінші бағыт –Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:Отанға ұтымды және эмоционалды ққарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
1-қыркүйек Білім күні және Балалар жылына орай барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
https://www.instagram.com/p/Ch-BQfzMiL2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Ch-BoALsAFa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығынаарналған “Тіл - кемел болашақ тұғыры” атты салтанатты жиынның ашылу рәсімі өтті.
Мақсаты: Ғұмырын қазақ тілі білімінің негізін салып, қазақ әдебиетінің дамуына арнаған көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы арқылы оқушыларға танымдық тәрбие беру.
"Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында сынып сағаттары өтті.Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы 7 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
https://www.instagram.com/p/CiH_DnKMMIc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiNTP3RMKOu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiK_VGaMTvL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері бойынша сурет көрмесі өтті. А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдері бойынша 5-11 сынып арасында табиғат аясында сурет салу жұмыстары өте жоғары деңгейде қызығушылықпен өтті.
https://www.instagram.com/p/CiiMD8Zr0AR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Тілім барда айтылар сыр ойдағы"әдеби сазды кеш өтті.Жауапты: Д. Р. Жұмажанова, Қ. М. Кокузова, С. Қ. Смаилова, А. Т. Елеу
https://www.instagram.com/p/CirblncsXnD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25-қазанРеспублика күнінеарналған іс-шаралар жоспары құрылыпапталық жоспарыны сәйкес 17-қазан Республика күніне арналған лездеме өтті.Лездеме барысында Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылатын, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан Әнұранды орындалып,салтанатты саптық жиын өткізілді. Мектеп парламенті мүшелері ұлттық мерекенің пайда болуы жайлы мағлұмат беріп, тарихи маңыздылығын баяндады.
18-қазан Республика күніне орай диктант алынды. Мақсат, міндеттері: Мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеу, мемлекет құндылықтарын, рәміздерін құрметтеуге үйрету.
17-27-қазан аралығына «Қазақстан- менің туған өлкем» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстанның жетістіктері, салт-дәстүрлері сипатталған кітаптар қойылды.Көрменің мақсаты уақытта ордалы елге айналған тәуелсіз
Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, халықаралық қауымдастықтың төріне
шыққан бүгінгі Қазақстанның жетістіктерін ұсыну.
18-қазан «Мектептің өзін-өзі басқару механизмі» тақырыбында мектеп президенті мен фракция мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, жалпы ережелерді талқылау.
Фракция мүшелерінің жұмыс барысына зерделеу жасап, алдағы уақыттағы қадамдарды анықтау.
19-қазан «Республика күні» қабырға гезеттері байқауы өтті. Байқау оқушыларға Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу, әр элементтерін жатқа білу, авторларын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.
20-қазан «Қыран елім-Қазақстаным» атты жалпыреспубликалық өлеңдер жатқа оқу бойынша патриоттық акция өтті. Акцияның мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ,көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Патриоттық сезімдерін ояту.
21-қазан «Ұланымыз ұлы елдің» тақырыбында оқушылардың жеке тұлғасының интеллектуалдық және ерікжігер әлеуетін ашу және ұлт болашағын тәрбиелеу мақсатында «Дойбы» және «Үстел теннисі» үйірмелері жетекшілерінің ұйымдастыруымен спорттық жарыстар өтті.
Сонымен қатар «Республика –біздің мақтанышымыз» атты әндер челленджі және «Әкелер жері-сенің жерін» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толуына орай мектебімізде 1-сынып оқушыларымен "Рәміздерім-мақтанышым" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында оқушыларға рәміздердің тарихы жайлы бейнеролик көрсетіліп, тарихы баяндалды.Бекіту ретінде жабсырма қағаздар арқылы рәміздердің тарихы, авторлары жайлы буклет жасалды. Жетекшісі: Б. Ж. Кадирбаева
https://www.instagram.com/p/Cj2rEitMjpa/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
1-сынып "Құқық туралы не білесің?" құқықтық тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
7,10 сыныптарда құқықтық тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.
https://www.instagram.com/p/CiZLCxwDFTL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiZDgnQIFDq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Балалардың құқықтарының бұзылуы, бала еңбегін қанау деректерін және тұрмысы нашар отбасыларды анықтау, қараусыздықтын, қадағалаусыздықтын алдын алу мақсатында жалпы көлемдегі "Түнгі қаладағы балалар" түнгі рейді өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Ci4CFC1I7Es/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23 қыркүйек оқушылардың құқықтық сауатын арттыру мен еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқару арқылы қалыптастыру мақсатында мектеп президентін сайлау өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы- Балаубекова Назира жеңіске жетті.
https://www.instagram.com/p/Ci_qFWGoFqY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10-қараша «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігіаясында "Түнгі ауылдағы балалар" рейдтік іс-шарасы өтті. Рейд көшелер мен мектеп, ауылдық клуб және дүкендердің маңайларында жүргізілді.
Мақсаты:құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, жасөспірімдер мен балалардың беймезгіл көшеде жүрмеуін қадағалау. Сонымен қатар оқу жылы басында ата-аналармен, кешкі сағат 21.00- ден кейін қоғамдық орындарда балалардың жүруіне қатаң тыйым салынатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түнгі рейд кезінде орынсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтар кездескен жоқ.
Жауапты: Б. К. Мурсалбеков, Ш. Ж. Артықбай, Н. Т. Тусупбаева
https://www.instagram.com/p/Ck0-xYYrpAp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Бала құқығы-адам құқығы" онкүндігі аясында 8,9-сыныптармен "Балалық шақты бірге қорғайық" атты сынып сағаты және "Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты аудиториялық сағат өтті.
Мақсаты:балалардың құқықтарын және Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын түсіндіру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту.
Жауапты: Н. Т. Тусупбаева, Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/Ck_GJr7s8Mh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Бала құқығы-адам құқығы" онкүндігі аясында 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Құқықтық сауаттылық-заман талабы" атты құқықтық сайыс өтті.Мақсаты: құқық пен міндет жөнінде түсініктерін қалыптастыру; өз құқығын қорғау қажеттілігімен өзге адамдардың құқығын құрметтеу қажеттілігін дамыту.
Жауапты: Б. К. Мурсалбеков, Құқық фракциясы
https://www.instagram.com/p/Ck_NUsDKEHG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Бала құқығы-адам құқығы" онкүндігі аясында "Өмір ағашы, менің шежіремнің тарихы" атты ата-аналармен шығармашылық сабақ,"Әр баланың құқығы бар" сурет байқауы өтті.
https://www.instagram.com/p/ClFvNX-IH-7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/tv/ClF1lqFrUDl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыпта «Адалдық сағаты» өтіп, білім алушылар арасында Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің нәиб имамы Нұржігіт Оразалыұлымен түсірілген бейнеролик көрсетілді.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/CmYh79Es3kj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15.12.2022 күні «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» жоспары негізінде 8-9 сынып оқушыларының арасында іс шара өтті. Қатысқандар саны: 9. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Құқықтары мен міндеттері жайлы білімдерін кеңейту. Теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту. Іс шара барысында kahoot платформасы арқылы оқушылардың «Бала құқығы туралы Конвенция» бойынша білім деңгейлері тексерілді. Youtube желісінен алынған әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, талқыланды. Ситуациялық сұрақтар қою арқылы, жағдаяттар талданды. Соңында рефлексия жүргізілді.Жауапты: әлеуметтік педагог Н.Т.Тусупбаева
https://www.instagram.com/p/CmYLdfdoRsB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5-сыныпта "Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?" тақырыбында Wordwall сайты арқылы викториналық сұрақтар сайысы өтті.Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімдерін ояту. ҚР мемлекеттік рәміһдерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/CnlM-5Do0uG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 қаңтар күні «Түнгі қаладағы балалар» атты облыс көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған рейд ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Мурсалбеков пен әлеуметтік педагог Н.Т.Тусупбаева,кезекші мұғалімдер және ауылдық учаскелік испекторымен бірге рейдке шығып, көшелер мен дүкендерді аралады.
https://www.instagram.com/p/Cntezp_sZha/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен «Ауған соғысының жаңғырығы» патриотизм сабағы өтті. Іс-шара Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 34 жылдығына айналды.Басты мақсат мектеп оқушыларының танымдық қабілеттерін кеңейтіп, тарихи оқиға туралы мәлімет беру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Жауапты: З. О. Казангапов, Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/CqnJA8VMmsl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 31 жыл толуына орай, ҰОС Жеңістің 78 жылдығына байланысты "Ерлік сабағы" ұйымдастырылды.Ерлік сабағының мақсаты: туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Шара барысында патриотизм мен ұлтжандылық тақырыптары сөз болды. Қарулы күштердің 32 жылдық тарихы мен қазақ әскерінің қазіргі уақыттағы жетістіктері айтылды.Жетекшісі: Б. Ж. Кадирбаева, Ж. К. Алимкулова
https://www.instagram.com/p/CrzrswHIlDE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінеорай стенд орнатылып,ауылдық кітапханада дөңгелек үстел өтіп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.Жауапты: Ш. Ж. Артықбай, Г. Қ.Қыздарбекова
https://www.instagram.com/p/Csz8OJaoHuN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Cs0FUhxIX92/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Cs5yLo_LzcV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
+
Екіншібағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.
2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйек.
Қызылқой ауылында 1 толық емес отбасы, 7 көпбалалы отбасы бар. Бұл отбасыларда 20 оқушы балалар тәрбиеленіп отыр.
Мектептің инстаграм парақшасында @kyzylkoi.mektebi акцияның мақсат-міндеттері түсіндіріле отырып, көпбалалы және толық емес отбасыларының оқушы балаларына қаржылай көмек беру сұралды.Барлық көмекті ақшалай эквивалентте есептегенде, жиналған сомма: 39 000 теңге.Көмек түрі: қыстық куртка мен спорттық киім,оқу құрал.
6-11 сынып аралығында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында сынып сағаттары өтіп, 7-сынып оқушыларының "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында бейнеүндеу жариялады.
Мақсаты:Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
• Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
• Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Жауапты: Сынып жетекшілері
https://www.instagram.com/p/CiKl_eapmQ3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiKj-YgsEEq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ұстаздар күніне орай өзін-өзі басқару ұйымының Президенті мен мүшелерінің құттықтап, мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушлардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған "Дублер күні" мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Ұйымдастырушылар: Білім беру ұйымының мектеп парламенті және педагогикалық ұжымы.
https://www.instagram.com/p/CjHi0GKD12x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 қазан-Қарттар күніне 1 сыныпта "Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Сонымен қатар 4-сыныпта "Қарттарым асыл қазынам" атты сынып сағаты өтті. Оқушылардың өз шығармашылықтарын дамыту мақсатында ата -әжелеріне арнаған өлеңдерін оқыды.
https://www.instagram.com/p/CjKy4DVO4iO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Балалар жылы аясында 4-қазан 5-8 сыныптар арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сурет байқауы өтті.
Мақсаты:Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тарту, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеяларын қалыптастыру.https://www.instagram.com/p/CjhgnH7sosm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы негізінде оқушылар арасында Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізімен таныстырылды.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/Ck0byiCMfjO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қаңтар-ақпан айлары аралығында дәстүрлі "Қайырымдылық" акциясы өтті. Акцияның мақсаты - әлеуметтік көмек алуға құқылы, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек беру. Акцияға қатысып, көмек қолын созуға ауылдың кәсіпкерлері мен ұжым басшылары шақырылды. "Әлия" дүкенінің иесі Абдрахманов М.Т. @abdrakhmanov.medet ағамыз 10000тг берді. "Бота" ШҚ иесі Турсанин Е.Р. @ergazytursanin ағамыз 5000тг, жас фермер Муфтиев А.А.@muftievabylkhaiyr 5000тг, кәсіпкер Казангапов З.О. @kazangapovzailun 5000тг қаржылай көмек берді. Жиналған қаражатқа (25000 тг) оқу-құралдары алынып, әлеуметтік осал топтағы оқушыларға үлестірілді.
https://www.instagram.com/reel/CowQbbFNcLF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты өскелең ұрпаққа мейірімділікті, жауапкершілікті, басқаларға достық қарым-қатынасты сақтай білуді дәріптеу болып табылады.
Мектептерде көршіңді құрметтеуге, тарихқа, педагогтерге, ата-аналарға құрмет көрсетуге арналған «Алғыс айтудың шексіздігі», «Мейірімді жүрек-жылы тілек» сынып сағаттары мен челлендждері өтті.
https://www.instagram.com/reel/CpK3r66pmQI/?utm_source=ig_web_copy_link
Қазақстандық қоғамда ризашылық пен бауырмалдықты кеңінен дәріптеуге, Алғыс айту күнін атап өтуді жалпыұлттық және көпшілікке жақын форматта насихаттауға тарту мақсатында «Алтын жүрек» флешмобы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/CpB-TK_oDMc/?utm_source=ig_web_copy_link
Өскелең ұрпақтың бойында бір-біріне деген достық пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында мектеп парламенті де алғыс айтып бейнеқұттықтауларын жолдады. Қарт адамдарға көмек ретінде еріктілер тобымен «Қайырымды ел!» , «Алғыс бата ал » акциясы ұйымдастырылды.https://www.instagram.com/reel/CpK8KC1JdwZ/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CpPDCqyotDX/?utm_source=ig_web_copy_link
4-сыныпта "Адалдықтын өтемі" атты "Адалдық сағаты" өтті.Мақсаты: адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру, адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.Жетекшісі: Г. Б. Жуманова
9-10 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің экс-қызметкері Азамат Ержанов туралы видеоролик көрсетіліп, "Адалдық сағат" өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірбан, ақылды, шыншыл, өз ісіне адал қызмет етуге ықпал ету.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков https://www.instagram.com/p/CsDTmsssoSf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Үшіншібағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.
11 қазан-Халықаралық қыздар күніне орай 1-сыныпта "Қыз өссе елдің көркі" атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты:Қыз бала бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттай отырып, ұлттық тәрбие беру.
Жетекшісі: Б. Ж. Кадирбаева
https://www.instagram.com/p/CjijUn_j4u6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қараша – Ұлттық валюта күніне1-сыныпта "Теңге-тәуелсіздік келбеті" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.
Жетекшісі: Б. Ж. Кадирбаева
https://www.instagram.com/p/Ck_Cao7seuJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Қазыбек би 355 жыл" атты 1-сыныпта сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазыбек бидің өмірі мен шешендігі, оның халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, әділ қазы, қоғам қайраткері болғандығы жайында мағлұмат беру, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/Ck_BswfMd-c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына 11-сыныпта орай "Мақтан тұтар ұлы тұлға" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
https://www.instagram.com/p/ClOBVBxM2qi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметоваға 100 жыл"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мақсаты:Аттары аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.Жауапты: Д. Р. Жұмажанова, өзін-өзі басқару ұйымы
https://www.instagram.com/p/CmeQwyXMSNP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
8-9 сыныптар арасында «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» (тыйым сөздердің мағынасы) тақырыбында іс-шарасы өтті.
Мақсаты:Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру.
Жауапты: Дебат фракциясы жетекшісі-Қарабек Аружан
https://www.instagram.com/p/Cn1an4UMMl2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Төртінші бағыт – Отбасытәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. Толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу, туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.
5-қыркүйек Отбасы күні қарсаңында отбасы институтын нығайтуға, Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тануға,ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік отбасылық саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында "Балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау" жөніндегі дөңгелек үстел өтті.Қамтылу-15 оқушы, 10-ата-ана.
https://www.instagram.com/p/CiKXkjGsuZA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
6-қыркүйек Отбасы күніне орай 1-11 сынып аралығында оқушылардың сана - сезімін дамыту, ата – ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру, ата – ана, ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланысты қалыптастыру мақсатында "Отбасым менің байлығым", "Отбасы-тәрбиенің тірегі", "Отбасы-алтын діңгегім", "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында сынып сағаттары өтті.Қамтылу-49 оқушы.
https://www.instagram.com/p/CiNYwWTseik/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiNa8V_MsrJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiNhLiFs8Fk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiNjIKiMvbB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CiNsyDvr5sE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
8-қыркүйек психологтарды тарта отырып, оқушылардың ата-аналарымен тәрбие мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өтті.Қамтылу-17 ата-ана.
"Мектептегі бір күн" жобасыаясында 6-сынып оқушысы Олжатаева Адияның ата-анасы Казангапова Меруерт Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шарамен танысып, белсенділік танытып қатысты.
"А. Байтұрсынов-150 жаста" стендіне шолу жасап, өмірбаяны жайлы бейнероликті тамашалады. Соңында ата-анамен еркін микрофон арқылы шағын сұхбат жүргізілді.
Жауапты: С. Қ. Смаилова, Ш. Ж. Артықбай
https://www.instagram.com/tv/CiK1easM1fi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық жәнеэкологиялық тәрбие
Мақсаты:Кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.
Мектепалды даярлық тобында тарих апталығының ашылу салтанаты өтіп, "Сүйікті өлкеме арнаймын" атты іс-шара өтті. Мақсаты: Балалардың алған білімдерін кеңейту, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін дамыту, тілдік қорларын байыту. Жетекшісі: А. Кенесова https://www.instagram.com/p/Cjie8A2DrpL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектепалды даярлық тобында тарих апталығының жоспарына сәйкес мектептің мұражай бұрышына саяхат жасалды.
Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.Жетекшісі: А. Кенесова
https://www.instagram.com/p/CjlFbbRMdRt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Кәсіби бағдар беруаясында 7-11 сынып оқушыларына "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында бұрыш таныстырылып, әңгіме жүргізілді.
Мақсаты:оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша қолдау көрсету, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру.
Жауапты: М.К. Кокузов
https://www.instagram.com/p/CjnaYPAD11F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында "Не? Қашан? Қайда?" тақырыбында тренинг элементі бар ойын өтті.Мақсаты: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/p/Ck0epRwMyd9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Эстетикалық сауаттылық апталығы аясында "Мамандық таңдау-келешекке бастау"," Мамандық таңдау маңызды іс" атты 10,11 сыныптарда сынып сағаты өтті.
Мақсаты:«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.Мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету.Жетекшісі: Ж. К. Алимкулова, М. М. Рамазанова
https://www.instagram.com/p/Ck7n-ftMglU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша "Менің болашақ мамандығым" атты сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.Жауапты: М. К. Кокузов
https://www.instagram.com/p/Clfa3TzoeqM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
ЖЖЕ, ЖҚЕ курсы бойынша 4,6 сыныптарда сынып сағаты өтті.
Мақсаты:Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/CiZMRg0DDgq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Ғаламтордың пайдасы мен зияны"тақырыбында дебат өтті. Дебатқа "Серпіліс" жән "Ұшқын" командалары бақ сынасып,
"Серпіліс" командасы жеңіске жетті.
Мақсаты:Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жетекшісі: Ш. Ж. Артықбай
https://www.instagram.com/p/Ci2oFFBDdez/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1,2-сыныпта "Жол ережесін сақтаймыз!", "Жол ережесін білесің бе?" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
Жетекшісі: Б. Ж. Кадирбаева,Г. Б. Аймухамбетова
https://www.instagram.com/p/CkvY6POMmKY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Ckpd5ddIReQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығы аясында "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны","Қауіпсіздікережесі","Интернеттегі жақсылықпен жамандық" атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.
https://www.instagram.com/p/CoTsNZMIZgl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
3-14 сәуір күндері «ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ» тақырыбындағы республикалық ақпараттық науқаны аясында өткен бейне үндеу "Тыңдалуға құқық".
Ақпараттық науқанының мақсаты: Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.Жауапты: Б. К. Мурсалбеков
https://www.instagram.com/reel/Cq-mjkcA9KF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.05.2023ж. Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдайлар кезіндегі алгоритімдер, түсіндірме жұмыстары, эвакуациялау ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/CsTfvvGs4yD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.
"11қазан - халықаралық қыздар күні" онкүндігіаясында жоспарға сай 8-11 сынып арасында қыз балаларға арналған "Логика қайда?" интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Мақсаты: қыз балаларға логикалық сұрақтар қоя отырып, олардың әр түрлі саладағы (ас үй, шаш үлгісі, әшекей-бұйым және т.с.с.) білімдерін кеңейту. Қыз бала тәрбиесіне қатысты ұлы ғұламалардың айтқан қанатты сөздерімен таныстыру. Жауапты: әлеуметтік педагог Тусупбаева Н.Т.
https://www.instagram.com/p/CjqFz4njsrU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18-қазан Рухани келісім күнінеорай 5-сыныпта "Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушылардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды дамытып қалыптастыру.
Жетекшісі: А. Т. Елеу https://www.instagram.com/p/Cj2VIf9sh17/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18-қазан Рухани келісім күнінеорай 7-8-сыныптарда «РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» тақырыбында конференция форматында кездесу өтті.Мақсаты:Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамдағы тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу.Жетекшісі: Ш. Ж. Артықбай
https://www.instagram.com/p/Cj2V42Gs4Wy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11 қазан Халықаралық қыздар күнінеорай "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында 8-9 сынып арасында пікірталас өтті.
Мақсаты: пікірлесу арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.Қазіргі заман талабымен салыстыру.
Жауапты: Ш.Ж.Артықбай, А.С.Қарабек
https://www.instagram.com/p/Cj9e7WEIL-Y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Оқушылардың бойына Отан сүйгіштікті, әділеттілікті қалыптастырып, терроризмге, діни экстремизмге қарсы көһ қарас қалыптастыру мақсатында "Діни экстремизм мен терроризм-қоғам дерті" тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Жауапты: Г. Қ. Қыздарбекова, дінтану пәні мұғалімі-Ш. Ж. Артықбай.
https://www.instagram.com/p/Cj2ZUZAs1Xm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Терроризмнен сақтану жолдары"тақырыбында 9-сыныпта сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.Жауапты: Д. Р. Жұмажанова, Жас ұлан ұйымы
https://www.instagram.com/p/Ck0ioNBMp4o/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында "Ислам өмір айнасы" сыныптан тыс іс шарасы өтті. Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.
Жауапты: Ш. Ж. Артықбай
https://www.instagram.com/p/CpP7uc7sUnV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауаттыөмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы; кәсіби іс-әрекеттің тиімділігі үшін психологиялық тұрақтылық; салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру мәдениеті құндылығы.
Жалпы мектептік жиналыстар шеңберінде ата-аналарға жаңа буын психоактивті заттардың таралуы,зияны мен салдары жайлы «Кіші жастағы оқушылардағы нашақорлық. «Нашақорлық және оның зардаптары» тақырыбында ақпараттық дәрістер өткізілді.Сонымен қатар оқушылар арасында «Жаман әдеттерден біржола құтылу үшін 15 құнды кеңес» атты дәріс сабақ өткізілді.
Мектептің әлеумектік желісіне есірткі,нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл мәселесіне байланысты ақпараттар сақталатын өзекті бөлімі ашылды.
11 қазан-Халықаралық қыздар күнінеорай мектеп психологы мен медбикенің ұйымдастыруымен "Ерте жүктілік деген не?" тақырыбында ақпараттық әңгіме жүргізілді.
Жауапты: М. Н. Казангапова, О. Е. Мабиева
https://www.instagram.com/p/CjkTnklMtp8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25-қазан Республика күніне орай "Дойбы" үйірмесінеқатысушы оқушылар арасында жарыс өтті.Мақсаты:дойбы ойынына қызығушылығын ояту, ой-өрісі дамыған саналы , салауатты өмір салтын ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу.
Жетекшісі: Г. Қ. Қыздарбекова
https://www.instagram.com/p/Cj-kWvqMwLr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Нашақорлыққа жол жоқ! "атты тақырыпта 7-9 сынып оқушыларына мектеп парламенті мүшелері баяндама жасады.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.Жауапты: Мектеп парламенті
https://www.instagram.com/p/Ck0gIjAsRsH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1желтоқсан - ЖИТС-пен күрес күніне орай оқушылармен «Жаңа ғасыр адамы –дені сау, рухы мықты азамат» іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ЖИТС туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің арасында келеңсіз әрекеттердің алдын алу болды. Мақсатты топ: 7-9 сынып жасөспірімдері. Іс-шараға қатысушылар саны: 8 оқушы, 1 сынып жетекші Ш.Ж.Артықбай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Мурсалбеков
Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог Н.Т.Тусупбаева
Сонымен қатар мектеп медбикесі О.Мабиева оқушыларды «Зиянды әдеттерден сақ бол!» ақпараттық стендіні таныстырды. Мақсаты:темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру, қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу, осы зиянды заттардың салдары туралы оқушылардың білімін кеңейту, оқушының ой-пікірін ортаға салу.Қамтылуы-10 оқушы.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі бағытнда дене шынықтыру бойынша "Шаңғы дайындығы" сабақтары өтті.Мақсаты: Оқушыларды шаңғы спорттындағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Оқушылардың күші мен ептілігін дамыту.Балаларға шаңғымен орындалатын саптық жаттығуларды үйрету.Жауапты: М. Жұмағалиұлы "Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы" дене шынықтыру аптылығы аясында "Денешынықтырудан олимпиадалық шыңдарға дейін" сынып сағаты.Мақсаты: Оқушыларға олимпиада ойындарының тарихын баяндау. Олимпиада ойындарының қысқаша шолу жасау.Қазақ тарихында олимпиада ойындарының жеңімпаздарын насихаттау арқылы спортпен шұғылдануға үйрету.Жауапты: Ш. Ж. Артықбай https://www.instagram.com/p/Cn1dWhTsjZw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CpKz3kcsFkC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы" дене шынықтыру аптылығы. "Толағай" отбасылық спорттық сайысы.Мақсаты:Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жауапты: М. Жұмағалиұлы
https://www.instagram.com/p/CpNPmlas7I-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 12 сәуірде сағат 12:00де Республиканың барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде шахмат ойнау челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылықын арттырып, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.https://www.instagram.com/p/Cq7kpQQs9_J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық"күніне орай оқушылар арасында «Көңілді старт» көп кезеңдік ойыны және қыздар мен ұлдарға "Дала жарысы" өткізілді.Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын оята отырып, шапшандыққа, ептілікке, батылдыққа баулу. Бос уақыттарын дұрыс пайдалану. Жарыс соңында оқушылар "Алғыс хаттармен" медальдармен марапатталды.Жауапты: З. О. Казангапов, М. Жұмағалиұлы
https://www.instagram.com/reel/CrGK5nsOJm2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Рухани жаңғыру бағдарламасының орындалысы туралы
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында жоспар түзіліп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар мақсаты: жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, руханиятқа бет бұруына ықпал ету, саналы, салауатты, сауатты ұрпақ қалыптастыруға кітапхана тарапынан әсер ету. Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
«Мұражай-мол мұра сандығы» жобасы Мектебімізде 2020 жылы ашылған мектеп мұражайы қазіргі таңда өз жұмысын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жандандырып, ел тарихынан сыр шертуде. Мақсаты:Оқушылардың зерттеу жұмысы дағдыларының дамуына, балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдаға жан-жақты ат салысу.Кіші отанның өнегелі құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру.Мұражай жай ерекше кабнеті ғана емес, тәрбие орталығының бірі болуын қалыптастыру.Табиғат байлықтарын, өлкенің көркем мәдениетің сақтауға жауаптылық сезімін, өз отаның, мектебін, отбасы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Балалар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының Қанат Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасын 6,7-сынып оқушылары тамашалап қайтты. Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш арыстарының ел мен жерге құрметі, ұлтқа адал қызмет етуді насихаттауды көздеген қойылым көрерменнің шексіз қошеметіне бөленді.Келер ұрпаққа өткен тарихымызды тануда ауадай қажет қойылым. Спектакль соңында жігерленбей, қазақ болып туып, Әлихан мен Ахметтердің ұрпағы екеніңе мақтанбай кету мүмкін емес.Жауапты: Ш. Ж. Артықбай, Б. К. Мурсалбеков https://www.instagram.com/p/CmV5mVSMfza/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында еліміздің тарихи маңызы бар жерлерін келешек ұрпаққа жіті таныстыру мақсатында мектебіміздің 7-сынып оқушылары Қарағанды қаласы маңында орналасқан Долинка ауылындағы КарЛАГ мұражайына барып қайтты. Экскурсия барысында еңбекпен түзеу лагерінің тарихымен мұражайдың экскурсия жетекшісі кеңірек таныстырды. Жауапты: Б. К. Мурсалбеков, М. Жұмағалиұлы
https://www.instagram.com/p/CrGGYimsonm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі өмір» жобасы
"Өнегелі өмір"жобасы аясында Қызылқой ауылының жас кәсіпкері Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдиевнамен @bonbonerki_bekzada кездесу ұйымдастырылды. Бекзада ханым қазіргі таңдағы өзекті шағын бизнестің бір түрі - тойбастар қорапшаларын (бонбоньерки) әзірлеуді меңгеріп жүр. Тіпті бірнеше сәтті тапсырыстарды қабылдап, ойдағыдай атқарып та үлгерді. Той иелерінің дастарханының сәнін келтіретін тәттіге толы түрлі қорапшалар, шілдехана тойында нәрестенің бөлмесін толтырған әшекей қағаздар және бейнешақыртулардың барлық үлгісі бар инстаграм желісіндегі парақшасы көздің жауын алады. Оларды әзірлеуге арналған түрлі-түсті принтері, ламинат жасайтын құрылғысы және сол сияқты барлық құрал-жабдығы бар. Жас кәсіпкер 7-сыныптың оқушыларына қорапшалардың бірнеше үлгісін алып келіп, оны дұрыс қиюға, бүктеуге және ыстық желіммен біріктіруге үйретіп қана қоймай, жас өрендердің кәсіптің бұл түріне қызығушылығын оята алды. Сауалдарына жауап беріп, қолдарын да жаттықтырды.
https://www.instagram.com/tv/ClgeFBhs73p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Математика айналамызда" сауаттылық апталығында 25.01.23 күні "Өнегелі өмір жобасы" аясында математика саласында табысты қызметкер А.Е.Әбілқасымованың өмірбаянымен таныстырылды. Мақсаты: Ұлы тұлғаның өмірін мысалға келтіре отырып, оқушылардың бойында еңбексүйгіштікті, жетістікке деген ұмтылысты, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін ояту. Жауапты: Касимова М.Т.
https://www.instagram.com/p/Cn1T-pqMwRj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Қаржы әлемі" атты қаржылық сауаттылық апталығында "Өнегелі өмір" жобасы аясында 7-сынып оқушысы Төленді Иманәлі ауылшаруашылық саласының кәсіпкерімен кездесті.Мақсаты : Ауылшаруашылық кәсіпкері Б. Ауесбековпен кездесіп, кәсіп құрудың негіздері, қиындықтары мен нәтижелері жайлы түсінік алу.
"Қоғамға қызмет ету" жобасы
Қарт адамдарға көмек ретінде еріктілер тобымен «Қайырымды ел!» , «Алғыс бата ал » акциясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/CpPDCqyotDX/?utm_source=ig_web_copy_link
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ақынның шығармашылынан құралған челлендж.
https://www.instagram.com/tv/CiaaTK8gHOU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Оқуға құштар мектеп" жобасыаясында ауылдық кітапханамен бірлесе "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесі келесі материалдарды ұсынады: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер. Кітап көрмесінің мақсаты - ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.
Жауапты: Г. Қ. Қыздарбекова
https://www.instagram.com/p/Cic6oMPsXU8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларын " Оқуға құшар мектеп, жобасы аясында ұжымның кітап оқу құштарлығы туды.
https://www.instagram.com/p/CiiOiQRMF2R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Оқырман отбасы"байқауына анасы-М. М. Рамазанова жане баласы- А. Е. Орынбасар қатысып,марапатталды.Жетекшісі: С. Қ. Смаилова https://www.instagram.com/p/Ck_P1OMKpWA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында білім бөлімінен мектеп кітапханасы қорына жаңа әдеби кітаптар қоры толықтырылды. Мұғалімдер мен оқушыларға таныстырылды.Жауапты: Г. Қ. Қыздарбекова
https://www.instagram.com/p/ClGaeTisuT9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/tv/ClLoxS6JxKS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Қызылқой ЖББМ» КММ 2022 -2023 оқу жылының тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмысына SWOT талдау
«Күшті жақтары»
- «Қызғалдақ» қыздар ұйымының, «Алаш ұлдар» ұлдар ұйымының жүйелі жұмысының нәтижесінде ұл бала мен қыз балаға тән сапалы тәрбиені бойына сіңірген болашақ ұрпақ тәрбиеленуде; - Діни экстремизмге қарсы күресу, алдын алу жұмыстары жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуге бағытталады |
«Әлсіз жақтары»
|
«Мүмкіндіктер»
|
«Қауіптер, кедергілер» -Оқушылардың 10 % ұялы телефонмен бос уақытында ұдайы қолдануы, үйде ата- ана тарапынан шектеудің болмауы, баланың кибербуллингке ұшырау қаупін тудырады; -Оқушылардың ұялы телефонды үнемі қолдануы, әлеуметтік желілердегі белсенділігі ғаламтор мәдениетін сақтамауына алып келеді және де оқушының денсаулығына кері әсерін тигізіп,жасөспірімдердің компьютер ойындарына тәуелділігін туғызу қаупі бар |