«С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ» КММ мектебінің 2017-2021 жылдарға
арналған даму бағдарламасы
Мазмұны
Мектепті дамыту жоспары-мектеп миссиясы мен стратегиясын анықтайтын маңызды құжат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында « ... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі. Көшбасшылық– бұл мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы , қажетті ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу. Мектеп тәжірибесіне келелі өзгерістер енгізу алдында мектепті дамыту аймағын айқындаудағы оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылар арасында, бүгінгі мектептің жағдайына мұғалімдердің көзқарасын білу мақсатында мектеп педагогтары арасында сауалнамалар жүргізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының оқыту мен оқудағы
халықаралық зерттеуі (TALIS) мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап,осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыруға көзқарасын, оның әсерін, бағалаудың маңыздылығын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу (көшбасшылар) тобы құрылды. Коучинг-сессиялар өткізу арқылы енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді.Осы зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары нақтыланды. Мектепті дамытудың жоспары жасақталып, нені дамыту қажеттігі, дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз, олардың нақты, қолжетімді және шынайы болуы SMART-қа сай белгіленді. Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижеге болжам жасалды. Өзгерістерді эвалюациялау тәсілдері көрсетілді. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз– бұл мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды іске асыруға бағытталған. Олар: . 1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналар- дың пікірін ескеру. 2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту. 3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану. 4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау. 5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру. 6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу. Жоспардың төлқұжаты бар. Онда кезеңдері, мақсат-міндеттері, күтілетін нәтиже белгіленген.
Түсініктеме Мектептің даму жоспары сауалнама қорытындысы негізінде алынған басымдықтарға сүйене отырып, осы жоспар жасалынды. Жоғарыдағы басымдықтарды ала отырып, мұғалім+ ата-ана+ оқушы араларында коучингтер, тренингтер, зерттеу сабақтарын жоспарладым. Сонымен қатар жоспарланған шаралардың уақытында өтілуін, өзгеріс енгізу тобы арқылы және бөлінген көшбасшылықты жұмылдыру арқылы анықтап, кері байланысын жасап, нәтижеге қол жеткізіп отырдық. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі мұғалімдердің оқушыларға беретін білімінің сапасымен, олардың оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ олардың қол жеткізген жетістіктерін бағалауынан да көрінеді. Жоғарыдағы басымдықтарды шешудің тағы бір жолы мектепте сабақты жоспарлау үдерісіне көп көңіл бөлу. Бұл негізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ОМЖ, ҚМЖ жасақтаудың үдерісін қалыптастырып, әдістеме жетекшілерімен біріге отырып, мұғалімдерді сабақты жаңаша жоспарлауды жетілдіру мақсатында кеңестер беріліп, тәлімгерлік көрсетілді. Сабақ үдерісінде оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін жетілдіру әдіс-тәсілдері арқылы, табыс критерілеріне негізделген білім сапасына қол жеткізу көзделіп, мұғалімдер оқыту мен оқудың жеті модулін меңгеріп, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану шеберлігі қалыптасып, критериалдық бағалау , формативті бағалауды игерді және оқушылардың сыни ойлау қабілетін жетілдіреді. Келесі басымдық бұл ата - аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің ой-пікірі бағалаудың әділ, нақты жаңа түрлерін енгізуді талап етіп отыр. Сондықтан, өзін өзі басқаруды жетілдіру мақсатында коучингтер ұйымдастырып, сыныпты басқару, оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын оңтайлы шешуде «мектеп - ата-ана - оқушы» арасындағы бірлескен ынтымақтастық ортаның жұмысын жетілдіру нәтижесінде мектептегі оқушыларға қатысты проблемаларды оңтайлы шешуде оқушы мен ата-ананың пікірі үнемі ескеріледі, ата-аналар мен оқушыларға деген сенімді қарым- қатынас орнап, ынтымақтастықтағы тиімді іс-әрекеттер жүзеге асады. Барлық басымдықты оңтайлы шешудегі ең үлкен жұмыстың бірі желілік қоғамдастық жұмысын жолға қою, бұл бағытта қала мектептерімен бірлескен жоспар құрылып, сонымен қатар интернет желісі арқылы тәжірибе алмасу, пікірлесу , ортақ проблеманы шешу жұмыстары жоспарланды. Қорытындылай келе, оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өткізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу тәсілдері арқылы мектептің оқыту тәжірибесінің жақсаруына ықпал етуге жұмыстанамын
МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ:
«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптілділік пен функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып,оқушылардың білімдерін критериалды бағалау енгізу арқылы жетілдіру » Мектеп ұжымының 2017-2021 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері Мақсаттары:
Міндеттері:
Жоспарды іске асыру кезеңдері: Мақсаттар мен міндеттердің орындалу кезеңдері І кезең 2017-2018 оқу жылы (дайындық- ұйымдастыру жұмысы, мұғалімдерді дайындау және жоспарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;) Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену, зерделеу негізгі қиыншылықтарын анықтау. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің, мектеп тренерлерінің, үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау. Басқару мен көшбасшылықты дамыту. Мұғалімдерді кәсіби дамыту.
ІІ кезең 2018-2019 оқу жылы(практикалық қызмет көрсету. Мектептің ішкі құрылымын, білім мазмұнын жаңарту, жоспарды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;) Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру. Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжірибелер. Бағалау тәсілдерін дамыту. Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер үшін семинар, коучинг, пед оқулар ұйымдастыру
ІІІ кезең 2019 -2021 оқу жылыалдыңғы кезеңдердегі жүзеге асқан тәжірибе нәтижесін тарату және жариялау; Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу. Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау. Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу.
Миссиясы:Қазақстан қоғамының әлеуметтік –экономикалық ,рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс-жүзінде асыруға негізделген көптілді білім беру. Жоспардың мақсаты: Үш тілде білім меңгерген ,көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан ,көп мәдениетті ,рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған ,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу,оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарттарын іске асыру. Құндылығы:Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жоғары,өзгетілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстары мол,өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын,дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиеленген ұрпақ тәрбиелеу .Көздеген мақсатқа жетіп,күтілетін нәтижені алуда ұсынып отырған «Жетістік пирамидасы» басқару моделінің және стилінің жобасы мектептегі оқу-тәрбие үдерісін басқару құралы боп табылады. Жоспардың міндеттері: Сараптаулар мен салыстырмалы талдаулардың мониторингісін жалғастыру. Оқу-әдістемелік, психологиялық жетелеуді жолға қою. Сыныптағы және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізу. Мұғалімдердің сыныпты басқару құзыреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру мен мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету. Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау. Желілік қоғамдастық және ресурстық орталық арқылы озық іс-тәжірибе алмасу. Күтілетін нәтиже:Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді, сапалы білімге қол жеткізіледі, функционалдық сауаттылықтары артады. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасалынады, үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады. Ұжымның шығармашылық ахуалы артады. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың қалыптасуының жаңа міндеттерін іс-жүзінде асыруға негізделген көптілді білім беру.
Басымдықтары мен табыс критерийлері:
- Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру - Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау; Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру; Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі; Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру; - Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу - Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру
- Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау; Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру; Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі; Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру; - Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу
- Білім сапасының артуына қол жеткізу; Оқушыларды бағалаудың жаңа критерийлерін қолдану: оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау; Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау жүйесін енгізу; Оқушыларды өзіне және өзгелерге сын көзбен қарауға дағдыландыру; - Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру- Қабілетті және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу; Мәселелерді шешу құзыреттілігін дамыту; Оқушыны белсенді жұмыс жасауға ынталандыру. Психологиялық ахуалды оңалту; - Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оқу жүктемесінің шамадан тыс көбеюінің алдын-алу - Сабақ кестесін талапқа сай жасақтау; 1-5 сыныптарда сабақ үстіндегі сергіту сәттерінің өткізілуін жүйелендіру; 1-4 сыныптарда үлкен үзілістерде қозғалыс жаттығуларын ұйымдастыруды жүзеге асыру; Үй тапсырмасының көлемін оңтайландыру, бейімдеу; Ұзақ мерзімді жоспарлар және орта мерзімді жоспарлар, оқу жылдарына арналған. Жоспар мектеп қызметінің 13 бағытын қамтиды Олар: 1. Басқару нысанындағы өзгерістер 2. Оқыту және тәрбие берудегі қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер 3.Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер 4. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгерістер 5.Мектепішілікбасқарудағы өзгерістер 6.Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер 7.Мұғалім қызметін ынталандырудағыөзгерістер 8.Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер 9.Құқықтық жағдаяттардағы локальді актілердегі өзгерістер 10.Үштілділік 11.Жаңартылған білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру 12.Электрондық оқыту жүйесін құру 13.Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру Бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай мектептің талантты да дарынды мұғалімдеріне өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп,жұмыс аясы анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан,негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа,олардың жұмысының мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді. «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және «мектеп мәдениетін» қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-қатынас қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік шараларына басымдық берілді. Кезекті педагогикалық кеңесте мұғалім құзыреттілігі, жаңа сипаттағы сабаққа қойылатын талаптар, білім сапасын арттыру мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылып, мектептің даму перспективасымен барлық педагогтар таныстырылды. Мектеп - қоғам аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс Осы мақсатта Мектепте «Бастау» желілік қоғамдастығы және ресурстық орталық құрылып іс-шаралар картасы жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
«С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ» КММ мектебінің ұзақ мерзімді (ҰМЖ ) дамуына бағытталған жоспар (2017 -2021 жылдар)
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2.Leithwood, K., Day, C.,Sammons, P., Harris, A. & Hopkins, D. (2006). Seven strong claims about successful school leadership,[Табыстымектепбасшылығытуралыжетіанықтауыштұжырым] Nottingham, National College for School Leadership. 3.Басшығаарналғаннұсқаулық, «НазарбаевЗияткерлікмектептері» ДББҰПедагогикалықшеберлікорталығы,2013,28 бет. 4.Wenger, E. (1999) Communities of Practice: Learning, Meaning, and Identity.[Практиктерқоғамдастығы:оқыту, мәніменерекшелігі] Cambridge University Press.
|