back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Вакансии

Категория: Вакансии

Хаттама

Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі «МБК ТМ (РО)» КММ (Мекен жайы: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті, Сейфуллина 21, тел: 21 3 35, эл.почта: rcalliance@mail.ru ) келесі бос лауазымға конкурс жариялайды: • Тәрбиеші – 1 ставка • қызметтік үй-жайларды тазалаушы – 1 ставка • Музыка жетекшісі – 1 ставка • Психолог – 1 ставка • Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында – 28 сағат • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 1 ставка • Логопед – 1 ставка

2024-09-09 13:48:26

Скачать

Смотреть

Хаттама

Шашубай кентіндегі «МБК ТМ (РО)» КММ педагогтарын лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ Күні: 15.02.2024 ж. Қатысқандар: 5 адам. Бегдербекова Б.К. - директордың ресурстық орталық бойынша орынбасары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясының төрайымы. Комиссия мүшелері: Рыспекова М.С. – Кәсіподақ ұйымының төрайымы Мырзабекова Ш.С. – Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Карипбаева Д.А. – Директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының м.а. Қалиолла Ж.Н. – Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касенова Ж.Б.–хатшы. Қатыспағандар-0. Күн тәртібі: 1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымға тағайындау конкурсына қатысушы педагогтардың құжаттарын қарау туралы. Сөйледі: Бегдербекова Б.К. – директордың ресурстық орталық бойынша орынбасары «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауының №1 параграфымен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі» таныстырып өтті. Конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейне жазбамен сүйемелденуде. Конкурстық комиссияның құрамы туралы бұйрықпен таныстырылып, комиссияның негізгі жұмыс тәртібін айқындады. Конкурс төмендегі бос лауазымдар бойынша жүргізілді: № Лауазым атауы Бос орын саны мерзімі 1 Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында 18 сағат Тұрақты жұмысқа Конкурс өткізу туралы хабарлама білім беру ұйымның интернет-ресурстар желісіне 2024 жылдың 29 қаңтары күні жарияланды. 2024 жылдың 30 қаңтарынан 07 ақпаны аралығында құжаттарды қабылдау жүргізілді. Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібердік. Оңды жауап алынды. 2024 жылдың 08 – 14 ақпаны аралығында хатшы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарын қарады. Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша төмендегідей ақпараттты ұсынамын. 1. Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында лауазымына Алпысбаева Дильназ Фархатовнадан өтініш пен құжаттары түсті. Енді конкурстық комиссия өтініш берген мұғалімнің құжаттарымен таныстырамын. Алдарыңызда бір үміткердің құжаттары ұсынылды. Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес комиссия: 1) кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау. 2) Одан кейін қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асыру. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары бойынша шешімді жинаған балл негізінде қабылдау. Бегдербекова Б.К: Конкурс қорытындылары бойынша шешімді жариялауға сөз комиссия мүшесі Ж.Н.Қалиолла беріледі. Ж.Н.Қалиолла: 1. Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында лауазымына Алпысбаева Дильназ Фархатовнадан өтініш пен құжаттары түсті. Кандидаттың тапсырған құжаттары Қағидаларда көрсетілген құжаттар тізіміне сай ұсынылған. Сапасы талапқа сай. Бағалау парағы бойынша жинаған балдары төмендегідей: 1 қатысушы - Конкурстық ортаның жоқ болуына байланысты осы аталған кандидаттың жинаған балдарына сәйкес конкурстан өтті деп есептелсін. Мектеп басшысына вакансиялық лауазымға тағайындауға ұсынылсын. Д.Карипбаева : Дауысқа саламын. Кім қолдайды? Түгел. Кім қарсы? Жоқ. Қалыс қалды? Жоқ. Бірауыздан қабылданады. Бегдербекова Б.К: Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстырылсын. Конкурс нәтижелері мектептің интернет-ресурсында жариялансын. ШЕШІМ: 1. Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында лауазымына жарияланған конкурс өткізілді деп танылсын. Осы аталған лауазымды тағайындауға ұсынылсын. Конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстым: Комиссия төрайымы Бегдербекова Б.К:____________ Мүшелері: Рыспекова М.С. ______________ Мырзабекова Ш.С. ______________ Карипбаева Д.А. ______________ Қалиолла Ж.Н. ______________ Хатшы Касенова Ж.Б _______ __________

2024-02-15 10:59:38

Скачать

Смотреть

Хабарландыру

Конкурстық негізде қабылдау туралы Хабарландыру Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі «МБК ТМ (РО)» КММ (Мекен жайы: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті, Сейфуллина 21, тел: 21 3 35, эл.почта: rcalliance@mail.ru ) келесі бос лауазымға конкурс жариялайды: • Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныбында – 14 сағат • Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі орыс сыныбында – 1 жүктеме • Математика пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында – 17 сағат • Математика пәнінің мұғалімі орыс сыныбында – 10 сағат • Тарих пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында – 28 сағат • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі орыс сыныбында – 9 сағат • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қазақ сыныбында – 9 сағат 2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде жұмысқа қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 29 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында жүргізіледі. Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орны туралы хабарландырулар мектептің ресми сайтына жарияланады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат; 3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы; 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8.) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті. 10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Лауазымдық міндеттері: Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 65. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика мен психология; пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; педагогикалық этиканың нормалары; медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі; оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар; құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. 66. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ: оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа: ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру; білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы; облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса); 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру; білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін); білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы; "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу; аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау; тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру; елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса); интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау; "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу; интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса); республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру; республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса). . Мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі Лауазымдық міндеттері: білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады; балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі); заттық-дамытушылық ортаны құрады; балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды; бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады; дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды; мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады; балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады; кәсіби құзыреттілікті арттырады; отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады; мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; педагогикалық этиканың нормалары; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы; психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, сандық білім беру ресурстарын қолдану; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы; 3) "педагог-сарапшы": педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін пайдалану; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметіне талдау жасау; тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; ұйымдастырылған оқу қызметін зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау; облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу; оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру; РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс; жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды дайындау. 2024 жылдың 29 қаңтарынан бастап 14 ақпан аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

2024-01-29 14:49:13

Скачать

Смотреть

Новости