back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Улмаханов Нуркен Жумадинович

Дата: 2024-12-11 16:02:24

Информатика пәні мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілімі - 15 жыл

Функционалдық міндеттері:

      оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

      оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;

      білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

      пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;

       білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;

      білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;

      педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;

      оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;

      оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;

      педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;

     лауазымдық міндеттердің негізгі аясы мектепте білім берудің мазмұнын әзірлейді, оның ғылыми, бағдарламалық-әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді, педагогикалық ұжымның ОӘЖ-сын, оның біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін, мұғалімдер мен оқушылардың  эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық етуді қамтиды:

     мектептің даму бағдарламасын, оның тұжырымдамасын әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады;

    білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, мектептегі білім беру жағдайын ғылыми талдаудың негізінде оған сәйкес ұйымдық құрылымдарын, жұмыс жүргізудің түрлерін қарастырады;

     педагогтерге ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын даярлау мен түзетуді жәрдем береді;

     әдістемелік тақырып пен педагогтер таңдаған жеке тақырыптар бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

    білім беру мазмұнын дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тұрақты және уақытша шығармашылық топтар жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;

    ғылыми-педагогикалық мекемелермен, орталықтармен байланыс орнатады;

    педагогтер мен оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастырып, оның қызметін бақылап отыру жұмысына жауап береді;

    мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарға қатысуына өтініштер даярлайды және оған қатысуды қамтамасыз етеді;

    мектеп педагогикалық ұжымын әдістемелік оқытуды жүзеге асырады (оқушылар аттетаттауын талдау, педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін зерделеу және басқалар негізінде әдістемелік және психологиялық-педагогикалық оқулар ұйымдастырып, өткізу);

    семинарлар, тренгтер мен  тамыз конференциясын ұйымдастырып, өткізумен айналысады;

   тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар үрдісі мен нәтижелерін бақылап отырады, оларды талдап, жүйеге келтіреді, білім беру үрдісіндегі әр түрлі субьектілерге ұсынымдар қалыптастырады;

    директордың  ТЖ жөніндегі басқа да орынбасарларымен бірлесіп озық педагогикалық және басқару тәжірибелерін талдау, бағалау, жинақтау мен тарату істерін жүзеге асырады;

    оқу-тәрбие үрдісін (бұдан әрі-ОТҮ) болжамдау мен мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіреді;

   дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, әдістемелік – нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Дарынды балаларды дамыту бойынша және іріктеу бойынша іс шараларды ұйымдастырады.

    ОТҮ-ні ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;

    мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды, педагогтер мен оқушылардың шығармашылық-танымдық қызметін ұйымдастырады, танымдық шығармашылық және дамытушы байқаулар өткізеді;

     мектепте 8-11 сыныптар оқушылары арасында пән олимпиадаларға,                      марафондарға, байқауларға, КҒА  қатысуын қамтамасыз етумен айналысады;

     кітапханамен және мектеп директорының орынбасарларымен бірлесе отырып, ғылыми-әдістемелік материалдар, әзірлемелер, мерзімдік баспасөзден, кәсіптік әдебиеттен жарияланымдар базасын жинайды;

    кітапханашымен бірлесіп оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетудің жоспарын әзірлейді;

    оқу-әдістемелік материалдарын жариялауға даярлықты ұйымдастырады;

    гуманитарлық  циклі әдістемелік бірлестігінің қызметіне курьерлік етеді;

     семинарлар, тренгтер мен конференциялар, конкурстар ұйымдастырып, өткізумен айналысады.

            ҰБТ-ға даярлық және өткізуге байланысты барлық мәселелермен айналысады;

 тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау   жөніндегі педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңестерді, семинарлар мен практикумдарды даярлау және өткізумен айналысады.

 

         Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

      Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:

      "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

Новости