Информатика пәні мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілімі - 15 жыл
Функционалдық міндеттері:
оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
лауазымдық міндеттердің негізгі аясы мектепте білім берудің мазмұнын әзірлейді, оның ғылыми, бағдарламалық-әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді, педагогикалық ұжымның ОӘЖ-сын, оның біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін, мұғалімдер мен оқушылардың эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық етуді қамтиды:
мектептің даму бағдарламасын, оның тұжырымдамасын әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады;
білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, мектептегі білім беру жағдайын ғылыми талдаудың негізінде оған сәйкес ұйымдық құрылымдарын, жұмыс жүргізудің түрлерін қарастырады;
педагогтерге ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын даярлау мен түзетуді жәрдем береді;
әдістемелік тақырып пен педагогтер таңдаған жеке тақырыптар бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
білім беру мазмұнын дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тұрақты және уақытша шығармашылық топтар жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;
ғылыми-педагогикалық мекемелермен, орталықтармен байланыс орнатады;
педагогтер мен оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастырып, оның қызметін бақылап отыру жұмысына жауап береді;
мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарға қатысуына өтініштер даярлайды және оған қатысуды қамтамасыз етеді;
мектеп педагогикалық ұжымын әдістемелік оқытуды жүзеге асырады (оқушылар аттетаттауын талдау, педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін зерделеу және басқалар негізінде әдістемелік және психологиялық-педагогикалық оқулар ұйымдастырып, өткізу);
семинарлар, тренгтер мен тамыз конференциясын ұйымдастырып, өткізумен айналысады;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар үрдісі мен нәтижелерін бақылап отырады, оларды талдап, жүйеге келтіреді, білім беру үрдісіндегі әр түрлі субьектілерге ұсынымдар қалыптастырады;
директордың ТЖ жөніндегі басқа да орынбасарларымен бірлесіп озық педагогикалық және басқару тәжірибелерін талдау, бағалау, жинақтау мен тарату істерін жүзеге асырады;
оқу-тәрбие үрдісін (бұдан әрі-ОТҮ) болжамдау мен мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіреді;
дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, әдістемелік – нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Дарынды балаларды дамыту бойынша және іріктеу бойынша іс шараларды ұйымдастырады.
ОТҮ-ні ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;
мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды, педагогтер мен оқушылардың шығармашылық-танымдық қызметін ұйымдастырады, танымдық шығармашылық және дамытушы байқаулар өткізеді;
мектепте 8-11 сыныптар оқушылары арасында пән олимпиадаларға, марафондарға, байқауларға, КҒА қатысуын қамтамасыз етумен айналысады;
кітапханамен және мектеп директорының орынбасарларымен бірлесе отырып, ғылыми-әдістемелік материалдар, әзірлемелер, мерзімдік баспасөзден, кәсіптік әдебиеттен жарияланымдар базасын жинайды;
кітапханашымен бірлесіп оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетудің жоспарын әзірлейді;
оқу-әдістемелік материалдарын жариялауға даярлықты ұйымдастырады;
гуманитарлық циклі әдістемелік бірлестігінің қызметіне курьерлік етеді;
семинарлар, тренгтер мен конференциялар, конкурстар ұйымдастырып, өткізумен айналысады.
ҰБТ-ға даярлық және өткізуге байланысты барлық мәселелермен айналысады;
тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау жөніндегі педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңестерді, семинарлар мен практикумдарды даярлау және өткізумен айналысады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;